"Сот үкімі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 17 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Сот үкімі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерісімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақта:

      бірінші абзац "бірінші" деген сөзден кейін "және апелляциялық" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында қарастырылған шешімдерді қабылдаған кезде, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы қаулы шығарады, содан кейін ҚІЖК-нің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады.";

      2) 3-тармақтың сегізінші сөйлеміндегі "судьялар" деген сөз "судья" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 11-тармақтың екінші абзацындағы "372", "375-379" деген сандар "375-378" деген сандармен ауыстырылсын;

      4) 49-тармақтың бірінші абзацы "34-баптың 1-бөлігінде" деген сөздерден кейін "34-1-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша үкімді ҚІЖК-нің 60-тарауында белгіленген тәртіпте төрағалық етуші шығарады. Бұл ретте, үкімнің мазмұны ҚІЖК-нің 571-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады