Стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 285 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ATM Group Uluslaraasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының банктік қарызы үшін «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының мүліктік кешені мен акцияларына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақтау әуежайының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаның іске асырылуын және қарыз қаражатының нысаналы жұмсалуын тиісті бақылауды жүргізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады