Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 382 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:

Айтжанова            - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы    даму және сауда министрі
енгізілсін

      мына:

«Исекешев            - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы        және сауда министрі

Сұлтанов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы      және бюджеттік жоспарлау министрі

Мыңбаев              - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы    және минералдық ресурстар министрі

Бишімбаев            - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы     көмекшісі (келісім бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы        орынбасары - Қазақстан Республикасының
                       Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Сұлтанов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы      көмекшісі (келісім бойынша)

Мыңбаев              - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы    министрі

Бишімбаев            - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қуандық Уәлиханұлы     даму және сауда вице-министрі, хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Серік Нығметұлы Ахметов, Марат Әпсеметұлы Құсайынов шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      11-тармақтағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады