Аккумулятор батареяларының кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 Қаулысы

      «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
      1) Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастасын:
      Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 920 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, сұйық электролитпен жұмыс істейтін, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 980 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар.
      2) іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін іс қараудың басталғаны туралы хабардар етсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1269 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады