"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 837 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі  № 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі
№ 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер
енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      «Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұнды 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Мемлекеттік комиссияның шешімімен өзінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Мемлекеттік комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады.»;
      13-тармақта «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Айтжанова           - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Жанар Сейдахметқызы   және сауда министрі;
      мына:
«Исекешев           - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Әсет Өрентайұлы       министрі»,
«Сұлтанов           - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы     бюджеттік жоспарлау министрі»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев           - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
Әсет Өрентайұлы       орынбасары - Қазақстан Республикасының
                      Индустрия және жаңа технологиялар
                      министрі»,
«Сұлтанов           - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы     көмекшісі, төрағаның орынбасары»;
      көрсетілген комиссияның құрамынан Қ.У. Бишімбаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады