Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 184 Қаулысы

      «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығының орындалуын үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2011 жылғы 25 ақпандағы    
№ 184 қаулысымен        
бекітілген           

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.29 № 880, 2011.09.15 N 1061 Қаулыларымен.

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Ақпарат ұсыну  мерзімі/ орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7


Жиыны:

6 848 799



Барлығы РБ:

5 570 232



Барлығы ЖБ:

820 809



Барлығы бюджеттен тыс қаражат:

444 870



Барлығы көзделген қаражат шегінде:

2 500



Барлығы РБ-да көзделген қаражат немесе бюджеттен тыс қаражат шегінде:

10 388


1. Мерейтойлық жыл бойы өткізілетін іс-шаралар

Ақпан – «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан»

1.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Кеден одағы және  Бірыңғай экономикалық кеңістік (ЕурАзЭҚ) құру мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

СІМ

10 наурыз

10 388

РБ-да көзделген қаражат немесе бюджеттен тыс қаражат шегінде

2.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің қорытындылары, ИКҰ мен ШЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері бойынша салалық халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар сериясын ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БҒМ, ММ, БАМ, ҚСЗИ

тоқсан сайын

25 285

республикалық бюджет

3.

Кейіннен ел өңірлерінде экспозицияларды көрсете отырып, «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тоқсан сайын

талап етілмейді

-

4.

«Елдік үшін, ел үшін» атты жобаны іске асыруды қамтамасыз ету (Тәуелсіздік жетістіктерін насихаттауға, патриоттық сезімді нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді танымал етуге бағытталған акциялар)

ММ-ге ақпарат

«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

тоқсан сайын

бюджеттен тыс қаражат

-

Наурыз - "Дәстүр"

5.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Әйелдерінің съезін және Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өткізу

Съезді және концертті ұйымдастыру

ӘОДСҰК, ММ

наурыз

31 088

республикалық бюджет

6.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы нышандарын кеңінен пайдалана отырып, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар, оның ішінде әйелдерді құттықтау және салтанатты қабылдаулар ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 наурыз

10 485

жергілікті бюджет

7.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы нышандарымен «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған салтанатты концерт өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, Астана қаласының әкімі

10 сәуір

26 000

республикалық бюджет

8.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өңірлерде «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шаралар, қайырымдылық акцияларын, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы көмек көрсетуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 сәуір

22 704

жергілікті бюджет

9.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясының басталуын ұйымдастыру (сенбіліктер, елді мекендерді абаттандыру,  көгалдандыру және басқа да іс-шаралар өткізу)

ММ-ге ақпарат

БҒМ, Еңбекмині, АШМ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тоқсан сайын

19 000

республикалық бюджет

10.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы нышандарын кеңінен пайдалана отырып, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге арналған конкурстар, фестивальдер, көрмелер ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

10 сәуір

83 675

жергілікті бюджет

11.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін күрестен «Қазақстан барысы» - «Барс Казахстана» атты жарыс ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ТСМ, «КТК» телеарнасы (келісім бойынша)

10 сәуір

42 597

республикалық бюджет

12.

«Ел қазынасы» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету (тарихи-мәдени мұраны танымал етуге, өмірлік және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, азаматтарды топтастыру мен біріктіруге бағытталған түрлі акциялар)

ММ-ге ақпарат

«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

ІІ тоқсаннан бастап тоқсан сайын

бюджеттен тыс қаражат

-

13.

«Тәуелсіздіктің құрдастары» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету (жастарды еңбекке баулуға, ауыл аумақтарын тазартуға және абаттандыруға, патриоттық сезімді, жастардың бойында оң құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жас дарындарды қолдауға бағытталған акциялар)

ММ-ге ақпарат

«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

тоқсан сайын

бюджеттен тыс қаражат

-

14.

Барлық өңірлерде «Тәуелсіздіктің дара жолы» атты тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне арналған көрмелер, экспозициялар өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

тоқсан сайын

талап етілмейді

-

15.

«Қазақстандық мазмұн – 2011» атты қазақстандық мазмұн мәселесі бойынша форум және көрме ұйымдастыру және өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, «NADLoC Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (келісім бойынша)

шілде

28 000

республикалық бюджет

16.

«Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК-нің және «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» РМК-нің тұсаукесерін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

10 сәуір

талап етілмейді

-

17.

«Тауар өндірісінің инновациялық технологиясы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін арттыру» тақырыбына конференция ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы (келісім бойынша)

10 сәуір

1 800 

бюджеттен тыс қаражат

18.

«Шығыс-сүт» ЖШС-нің «Ультрапастерленген сүт өндіру» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ИЖТМ

10 сәуір

талап етілмейді

-

19.

«Green Technology» ЖШС-нің «Алаңы 3 га жылыжай кешенін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімі, ИЖТМ

10 сәуір

талап етілмейді

-

20.

Екібастұз қаласында «Күн батареялары өндірісін жасау» жобасы құрылысының орнында ескерткіш тас қалау шарасын өткізу

ММ-ге ақпарат

«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

10 сәуір

талап етілмейді

-

21.

Индустриалдық және инновациялық қызметтерді дамытуға және танымал етуге бағытталған телевизилық бағдарламалар және басқа іс-шаралар конкурсын өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, АШМ, БАМ, мүдделі меморгандар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша)

наурыз, әрі қарай жыл бойы

бюджеттен тыс қаражат

-

22.

«Мықты көшбасшы – бизнес кепілі» атты форум өткізуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

шілде

бюджеттен тыс қаражат

-

23.

«Полиэтилен құбырларын шығару зауыты» (жоғары қысымды газ құбырлары) жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Ақтөбеқұрылысхим-монтаж» ЖШС

ММ-ге ақпарат

Ақтөбе облысының әкімі, ИЖТМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

Сәуір - "Ғылым және технология"

24.

Мемлекет басшысының «Назарбаев университетіне» және ғылыми жетістіктер көрмесіне баруы

бару

БҒМ, «Назарбаев университеті» АҚ (келісім бойынша)

сәуір

талап етілмейді

-

25.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ақпараттық технологиялар паркінің, өнеркәсіп объектілерінің, алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелердің тұсаукесерін өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 мамыр

талап етілмейді

-

26.

Мемлекет басшысының «Алатау» АТП АЭА-на баруын ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ, «ИТТО» АҚ, «АТП АЭА» ММ (келісім бойынша)

сәуір-мамыр

38 000

республикалық бюджет

27.

Республика тәуелсіздігі 20 жылдығының нышандарын пайдалана отырып, білім және ғылымның өзекті мәселелері бойынша халықаралық форум өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ

10 мамыр

10 874

республикалық бюджет

28.

Республика бойынша Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, «Жаңа және алдыңғы қатарлы технологиялар» слеттерін өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 мамыр

3 548

жергілікті бюджет

29.

Тәуелсіздік жылдарында салалардағы жетістіктерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелеріне арналған іс-шаралар өткізу

ММ-ге ақпарат

мүдделі мемлекеттік органдар

тоқсан сайын

талап етілмейді

-

30.

Алыс және жақын шетелдерде имидждік мәдени іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, СІМ

сәуір, әрі қарай жыл бойы

-

бюджеттен тыс қаражат

Мамыр - "Бірлік"

31.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының XVII сессиясын өткізу

сессияны ұйымдастыру

ҚХАХ (келісім бойынша), ММ

мамыр

19 260

республикалық бюджет

32.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар, шерулер ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 мамыр

20 000

республикалық бюджет

33.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, Қорғанысмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 мамыр

2 335

республикалық бюджет

34.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақтардың ІV құрылтайын өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, ДҚҚ (келісім бойынша)

10 маусым

100 000

республикалық бюджет

35.

«Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» Қазақстан халқының достығы фестивалін өткізу

ММ-ге ақпарат

ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 мамыр

19 611

жергілікті бюджет

36.

«Бірлігіміз жарасқан 20 жыл – тек қана алға» ұранымен төзімділік пен халық бірлігі идеяларын насихаттайтын республикалық және өңірлік форумдар, фестивальдер, акциялар өткізу

ММ-ге ақпарат

ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚАА» ЗТБ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

10 маусым

1 716

жергілікті бюджет

37.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізу (Тәуелсіздік жылдарында ақталған тұлғалар туралы)

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 маусым

талап етілмейді

-

38.

«Тау-кен металлургиясы саласындағы инновациялық технологиялар» атты VI халықаралық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

10 маусым

1 500

бюджеттен тыс қаражат

39.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші жалпы отырысын ұйымдастыру және өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

10 маусым

6 500

республикалық бюджет

40.

«№ 2 блокты қалпына келтіру» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «ЕЭК» АҚ

ММ-ге ақпарат

Павлодар облысының әкімі

10 маусым

талап етілмейді

-

Маусым - "Патриотизм"

41.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған іс-шаралар өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

15 маусым

3 945
3 620

республикалық бюджет жергілікті бюджет

42.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттар форумын өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, БАМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

15 маусым

61 500

республикалық бюджет

43.

2011 жылдың І жарты жылдығының қорытындылары бойынша Индустриаландыру картасы жобаларының тұсаукесері жөніндегі жалпыұлттық телекөпір өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, БАМ

10 шілде

60 300

республикалық бюджет

44.

«Өнімділігін жылына 1 миллион тонна шикізатқа дейін ұлғайта отырып, Ақбақай алтын айыру фабрикасын реконструкциялау және жаңғырту (1 фаза)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Алтыналмас АК» АҚ

ММ-ге ақпарат

Жамбыл облысының әкімі, ИЖТМ

10 шілде

талап етілмейді

-

45.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында республикалық және өңірлік патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдер, форумдар және слеттер өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

10 шілде

49 374

жергілікті бюджет

46.

«Жас-Ұлан» әскери әндердің республикалық фестивалін өткізу

ММ-ге ақпарат

Қорғанысмині, ММ, РҰ

10 шілде

656

республикалық бюджет

47.

Қазақстан Республикасында VII Бүкіләлемдік  Ислам Экономикалық Форумын өткізу және көрме  ұйымдастыру

Форум өткізу

ИЖТМ, СІМ

7-9 маусым

733 882

республикалық бюджет

48.

Қостанай қаласында «SsangYong» маркалы автомобильдерін құрастырып шығару өндірісі» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «АгромашХолдинг» АҚ

ММ-ге ақпарат

Қостанай облысының әкімі, ИЖТМ

10 шілде

талап етілмейді

-

49.

«Степногор құбыр зауыты» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Арыстан» ЖШС

ММ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ

10 шілде

талап етілмейді

-

Шілде - "Қазақстан астанасы"

50.

Астана қаласында астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру (жеке кесте бойынша)

ММ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

1 маусым

87 545

жергілікті бюджет

51.

Өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени объектілерді іске қосуды Астана күніне орайластыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Алматы қаласының әкімдері

20 шілде

талап етілмейді

-

52.

Астана күніне орай бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру (шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық іс-шаралар, мерекелік сауда)

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 шілде

талап етілмейді

-

53.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында тәуелсіз Қазақстанның елордасына арналған өңірлік акциялар, конкурстар, фестивальдар өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

20 шілде

65 183

жергілікті бюджет

54.

Өңірлерде Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге орайластырылған саябақтар мен аллеялардың ашылуын қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 тамыз

талап етілмейді

-

55.

«Орынбор – Ақмешіт – Алматы – Астана» өнер керуенін ұйымдастыру және өткізу

ММ-ге ақпарат

Қызылорда облысының әкімі

10 тамыз

50 000

жергілікті бюджет

56.

«Аstana mining & metallurgy» II Халықаралық тау-металлургиялық конгресін өткізу

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

10 тамыз

1 100

бюджеттен тыс қаражат

57.

«Жүк вагондарын шығару (3 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ҚР ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

10 тамыз

талап етілмейді

-

58.

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық және қытай бөліктері арасындағы өткізу кешенін ашу

ММ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, ИЖТМ

10 тамыз

талап етілмейді

-

Тамыз - "Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері"

59.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ҚР Конституциясын түсіндіру жөнінде тамыз оқуларын өткізу

ММ-ге ақпарат

КК (келісім бойынша), Әділетмині

10 қыркүйек

талап етілмейді

-

60.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан саясаттанушыларының конгресін өткізу

конгрес өткізу

ММ

10 қыркүйек

6 092

республикалық бюджет

61.

Әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау, банк қызметкерлері, мәдениет және спорт жұлдыздары және т.б. өкілдерімен «Менің Қазақстаным» поезының ел ішіндегі турының салтанатты басталу рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша) Еңбекмині, ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

10 қыркүйек

170 000
325 000

бюджеттен тыс қаражат республикалық бюджет

62.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында 15 тамыз спорт күніне орайластырып  бизнестің, қоғам мен мемлекеттің қатысуымен I Спорттық форум өткізу

ММ-ге ақпарат

ТСМ, Астана қаласының әкімі

30 тамыз

29 541

республикалық бюджет

63.

Республика Конституциясының күніне арналған әскери шеру өткізу

шеру өткізу

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі

тамыз

771 957

республикалық бюджет

64.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт ұйымдастыру

жиналыс пен концерт ұйымдастыру

КК (келісім бойынша), ММ

тамыз

34 884

республикалық бюджет

65.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Конституциясының күніне арналған өңірлік форумдар, конференциялар, шерулер өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Алматы қаласының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

10 қыркүйек

16 932

жергілікті бюджет

Қыркүйек - "Руханият"

66.

Білім күнінің шеңберінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты бейне сабақ өткізу

ММ-ге ақпарат

БАМ, БҒМ

20 қыркүйек

талап етілмейді

-

67.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында V Азаматтық форум өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, «ҚАА» ЗТБ (келісім бойынша)

10 қазан

21 000

республикалық бюджет

68.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан халқы тілдерінің жыл сайынғы республикалық фестивалін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ (келісім бойынша)

10 қазан

2 609

республикалық бюджет

69.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында білімге, мәдениетке, рухани келісімге арналған республикалық және өңірлік акциялар, конкурстар, конференциялар, форумдар ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

10 қазан

106  930

жергілікті бюджет

70.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында «Каспий – достық теңізі» V халықаралық фестивалін өткізу

ММ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімі

10 қазан

66 046

жергілікті бюджет

71.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалін өткізу

фестивальді өткізу

ММ

10 қазан

19 500

республикалық бюджет

72.

«Еуропа үшін қоршаған орта» атты VII министрлер конференциясын өткізу

ММ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, СІМ

10 қазан

500 000

республикалық бюджет

73.

«ТМД елдеріндегі исламның рөлі» атты халықаралық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, СІМ

10 қазан

76 146

республикалық бюджет

Қазан - "Ауылда қайта түлету"

74.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырған агроөнеркәсіптік сектор қызметкерлерінің республикалық форумын өткізу

ММ-ге ақпарат

АШМ, «Қазагро ҰБХ» АҚ

10 қараша

25 000

бюджеттен тыс қаражат

75.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткізілген  «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты акцияның қорытындыларын шығару

ММ-ге ақпарат

БҒМ, Еңбекмині, АШМ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қараша

талап етілмейді

бюджеттен тыс қаражат

76.

Тәуелсіздіктің тойына орайластырылған жаңа ауыл шаруашылығы объектілерін пайдалануға беруді салтанатты іске қосу рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қараша

талап етілмейді

-

77.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Береке бастауы» («Ас атасы - нан») атты Нан Фестивалін өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қараша

талап етілмейді

-

78.

Қарттар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

15 қазан

талап етілмейді

-

79.

«Теңіз металл конструкцияларын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кешен салу (І фаза)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС

ММ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімі, ИЖТМ

10 қараша

-

-

80.

«KAZENERGY» VI Еуразиялық форумын өткізу

форум өткізу

МГМ, «KAZENERGY» қауымдастығы

4-5 қазан

15 000

бюджеттен тыс қаражат

81.

«Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісін салу» (1 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, Маңғыстау облысы

ММ-ге ақпарат

ҚР ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

10 қараша

талап етілмейді

-

Қараша - "Үдемелі индустриялық - инновациялық даму"

82.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан қаржыгерлерінің конгресін өткізу

ММ-ге ақпарат

ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша),  Қаржымині

10 желтоқсан

150 000

бюджеттен тыс қаражат

83.

Ішінде Инновациялық жетістіктер көрмесін қамтитын 2011 жылғы инновациялық қызметтің қорытындыларына арналған Елбасының қатысуымен іс-шара ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша)

10 желтоқсан

126 525

республиканский бюджет

84.

Елбасының қатысуымен сапа саласындағы «Алтын сапа» конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру

рәсімді ұйымдастыру

ИЖТМ

қараша

120 000

республикалық бюджет

85.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС Ақшабұлақ кен орнына газтрубиналық электр станциясын іске қосуды ұйымдастыру (Қызылорда облысы)

ММ-ге ақпарат

Қызылорда облысының әкімі, ИЖТМ

10 желтоқсан

17 775

бюджеттен тыс қаражат

86.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.15 N 1061 Қаулысымен.

87.

ХІХ Халықаралық мұнай-газ көрмесін және KIOGE конференциясын ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

МГМ

10 желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

-

88.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның «№ 2 Домен пешін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Қарағанды облысының әкімі, ИЖТМ

10 желтоқсан

талап етілмейді

-

89.

Ғылыми-техникалық ақпарат орталығын пайдалануға беруді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

10 желтоқсан

23 000

бюджеттен тыс қаражат

II. "Тәуелсіздіктің жиырма шыңы" - 20 жұлдызды күн щеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (26 қарашадан 15 желтоқсанға дейін)

26 қараша - "Менің Қазақстаным"

90.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Елім менің» патриоттық әндердің республикалық конкурсын өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

25 желтоқсан

6 000

республикалық бюджет

91.

«Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ККМ, Еңбекмині, БАМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

92.

Суретшілер форумы және «Өз елім» - «Мой Казахстан» сурет көрмесін ұйымдастыру

форум өткізу

ММ

25 желтоқсан

51 258

республикалық бюджет

27 қараша - "Атамекен"

93.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шекарашы жауынгерлердің қатысуымен іс-шара ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша)

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

94.

«Дос жүрегін шекара бөле алмайды» III Халықаралық фестивальді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Атырау облысының әкімі

25 желтоқсан

1 500

жергілікті бюджет

28 қараша - "Ата заң"

95.

«Тәуелсіздікке 20 жыл: конституциялық құрлыстың тәжірибесі мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, Әділетмині, ММ, БАМ, СІМ, КК (келісім бойынша)

25 желтоқсан

68 880

республикалық бюджет

96.

Орта, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында Ата заңды білуге арналған тақырыптық кездесулер, сыныптық сағаттар, конкурстар өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

29 қараша - "Бейбітшілік белдеуі"

97.

Семей ядролық полигоны жабылуының 20 жылдығы шеңберінде ядролық қаруға қарсы форум өткізу

ММ-ге ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, СІМ

25 желтоқсан

20 000

жергілікті бюджет

98.

Республика бойынша «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет» атты көрмелер мен экспозициялар өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

30 қараша - "Келісім"

99.

Этносаралық және конфессияаралық төзімділік мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

республикалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

республикалық бюджет

100.

Республика бойынша бейбітшілік, этносаралық келісім, патриотизм, ұлттық бірлік сияқты қазақстандық құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

республикалық және өңірлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

республикалық  және жергілікті бюджеттер

101.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты республикалық балалар суретінің конкурсын өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

2 500

республикалық бюджет

1 желтоқсан "Азаматтық қоғам"

102.

Тәуелсіздік жылдарында азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан ҮЕҰ мен БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

103.

Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына арналған үздік материалға журналистер мен фототілшілер арасында шығармашылық конкурс өткізу

ММ-ге ақпарат

БАМ

25 желтоқсан

5 382

республикалық бюджет

104.

«Шығыс Қазақстан облысындағы металлургия орталығы» жобасын іске асыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК

25 желтоқсан

-

-

2 желтоқсан - "Дәстүр"

105.

Мемлекет басшысының көпбалалы аналармен кездесуін ұйымдастыру

кездесуді ұйымдастыру

ӘОДСҰК, Еңбекмині

желтоқсан

10 679

республикалық бюджет

106.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысын өткізу

айтысты өткізу

ММ

2 желтоқсан

23 460

республикалық бюджет

107.

Тіл мен мәдениетке құрметпен қарау тәрбиесіне арналған акция өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, «ҚАА» ЗТБ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

-

3 желтоқсан - "Болашақ"

108.

«Болашақ біздің қолымызда» атты республикалық жастар форумын өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

10 625

республикалық бюджет

109.

Тәуелсіздікті нығайтудағы жастардың рөлін ашуға, мемлекеттік жастар саясатын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

9 324

жергілікті бюджет

4 желтоқсан - "Сергектік"

110.

Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдары Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосқан аса көрнекті спортшылармен кездесуін ұйымдастыру

кездесу ұйымдастыру

ПӘ (келісім бойынша), ТСМ

желтоқсан

талап етілмейді

-

111.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінің фестивалін өткізу

ММ-ге ақпарат

ТСМ, Астана қаласының әкімі

25 желтоқсан

18 364

республикалық бюджет

112.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған спорт кешендері мен орталықтары ашылуының салтанатты рәсімдерін өткізу

ММ-ге ақпарат

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

5 желтоқсан - "Ғылым"

113.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген отырысын өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ, ҰҒА (келісім бойынша)

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

114.

Қазақстанның ғылыми жетістіктері көрмесін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БҒМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

115.

Ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы қайраткерлерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БҒМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

6 желтоқсан - "Мәдениет"

116.

Тәуелсіздік жылдары тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру жөніндегі атқарылған жұмыстарды талқылай отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасы қоғамдық кеңесінің отырысын ұйымдастыру

отырыс ұйымдастыру

ММ

6 желтоқсан

талап етілмейді

-

117.

«Қазақстанның жаңа археологиялық жаңалықтары» көрмесін ұйымдастыру

көрмені ұйымдастыру

ММ

6 желтоқсан

26 080

республикалық бюджет

118.

Тәуелсіздік жылдары жасалған қазақстандық фильмдердің мерекелік онкүндігінің ашылуын қамтамасыз ету

онкүндікті ашу

ММ

6 желтоқсан

24 373

республикалық бюджет

7 желтоқсан - "Алтын теңге"

119.

Үздік қаржыгерлер мен халықаралық инвесторлар, сарапшылар, саясаттанушылардың қатысуымен экономикалық форум өткізу

ММ-ге ақпарат

ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

25 желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

-

120.

Тәуелсіздік жылдары елдің қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан қаржыгерлерге құрмет көрсетуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Қаржымині

25 желтоқсан

2 500

көзделген қаражат шегінде

8 желтоқсан - "Шаңырақ"

121.

Республика бойынша жаңа тұрғын-үй объектілерін пайдалануға берудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

122.

Мемлекеттік қызметкерлерге, жас отбасыларға, мәдениетке, өнерге еңбек сіңірген және т.б. қайраткерлерге пәтер кілттерін тапсырудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

9 желтоқсан "Ауыл"

123.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Дипломмен ауылға» республикалық жастар форумын өткізу

ММ-ге ақпарат

АШМ, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

6 000

республикалық бюджет

124.

Аграрлық сектордың үздік қызметкерлеріне, ауыл шаруашылығының еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

10 желтоқсан - "Астана"

125.

Елорданың жаңа объектілерін пайдалануға берудің салтанатты рәсімдерін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

126.

Астананың дамуына елеулі үлес қосқан жұртшылық өкілдерімен Мемлекет басшысының  кездесуін ұйымдастыру

кездесуді ұйымдастыру

ПӘ, Астана қаласының әкімі

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

11 желтоқсан - "Білім"

127.

«Болашақ» бағдарламасының үздіктері мен стипендиаттарының форумын өткізу

ММ-ге ақпарат

БҒМ

25 желтоқсан

10 000

бюджеттен тыс қаражат

128.

Тәуелсіздік жылдары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан саланың үздік қызметкерлеріне салтанатты құрмет көрсетуді ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

12 желтоқсан - "Денсаулық"

129.

Денсаулық сақтау саласының жаңа объектілерін пайдалануға беру рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

130.

Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

131.

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бұқаралық спорт іс-шараларын ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

13 желтоқсан - "Серпін"

132.

2011 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылған Индустриаландыру картасы жобаларының тұсаукесері жөніндегі жалпыұлттық телекөпір ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ

25 желтоқсан

60 300

республикалық бюджет

133.

«Жетіген – Қорғас» жаңа теміржолы қатынасы бойынша пойыз қозғалысы ашылуының салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша, ИЖТМ

25 желтоқсан

23 548

бюджеттен тыс қаражат

134.

Тәуелсіздік жылдарында индустрия саласының дамуына елеулі үлес қосқан өнеркәсіптік саланың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

135.

«Шарын өзенінде Мойнақ СЭС-ін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, ИЖТМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

136.

«Астана қаласында телерадиокешен салу «толық дайын ету» (1 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

137.

«Астана қаласындағы Тальго жолаушылар вагонын шығару жөніндегі  зауытты «толық дайын ету» (1 іске қосу кешені) салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

138.

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде селге қарсы Көксарай реттегіші» жобасын іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ТЖМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ИЖТМ

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

14 желтоқсан - "Мемлекеттік тіл"

139.

«Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу

ММ-ге ақпарат

ММ, ҚХАХ

25 желтоқсан

4 500

республикалық бюджет

140.

«Тіл жанашыры» мемлекеттік тілді дамыту саласындағы қайраткерлерге  құрмет көрсету салтанатты рәсімін ұйымдастыру

рәсімді өткізу

ММ

14 желтоқсан

республикалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

республикалық бюджет

15 желтоқсан - "Отан"

141.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволарда Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар өткізу

ММ-ге ақпарат

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

142.

Республика бойынша халықтың әл-ауқаты төмен топтарына кең ауқымды әлеуметтік қолдау көрсету, қайырымдылық акцияларын өткізу

ММ-ге ақпарат

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша)

25 желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат

-

143.

Тәуелсіздік тақырыбы бойынша мәдениет және өнер саласындағы шығармаларды жасауға арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық конкурсының финалын ұйымдастыру

конкурс өткізу

ММ

15 желтоқсан

46 581

республикалық бюджет

144.

Радиациялық стерилизация корпусының ИЛУ-10 электрондар жеделдеткішін іске қосуды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

ИЖТМ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

талап етілмейді

-

III. 15-16 желтоқсанда Астана қаласында өтетін салтанатты іс-шаралар

145.

Қазақстан азаматтарын мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімін ұйымдастыру

рәсім ұйымдастыру

ПӘ (келісім бойынша)

15-16 желтоқсан

талап етілмейді

-

146.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс, концерт және Мемлекет басшысының атынан қабылдау ұйымдастыру

жиналыс және концерт ұйымдастыру

ПӘ, ММ, Астана қаласының әкімдігі

15-16  желтоқсан

351 380

республикалық бюджет

147.

«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты салтанатты театрландырылған қойылым мен концерт ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімдігі

25 желтоқсан

20 000

жергілікті бюджет

IV. Ақпараттық-имидждік жұмыс
4.1 Ұйымдастыру шаралары

148.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге арналған мерейтойлық медаль туралы, медаль және оның сипаттамасы туралы ережені бекітуге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ММ, ПІБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

I тоқсан

талап етілмейді

-

149.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту құрметіне арналған мерейтойлық медальдарды, оның куәлігін және медальға қаптаманы дайындау

ММ-ге ақпарат

ПІБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

II-III тоқсан

171 980

республикалық бюджет

150.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы тақырыбы бойынша орталық және жергілікті баспа және электрондық БАҚ, Интернетте кеңейтілген ақпараттық жұмыс ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БАМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

тоқсан сайын

ақпараттық тапсырыс шеңберінде

республикалық және жергілікті бюджет

151.

Мерейтой жылының әрбір тақырыптық бағытын жария ету жөнінде медиа – жоспар әзірлеу және бекіту

ММ-ге ақпарат

БАМ

20 ақпан

талап етілмейді

-

152.

Негізгі салтанатты және мерекелік іс-шаралардың республикалық телеарналар эфиріндегі көрсетілімін қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ

тоқсан сайын

республикалық ақпараттық тапсырыс шеңберінде

республикалық бюджет

153.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының қорытындысын және ИКҰ мен ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі рөлін отандық және шетелдік БАҚ-та кеңінен таныстыруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, СІМ,

тоқсан сайын

республикалық және аймақтық мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

республикалық және жергілікті бюджет

154.

Шетелдерде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету: шетелдік БАҚ-тарға материалдар орналастыру, халықаралық  ұйымдардың штаб-пәтерлерінде (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ және т.б.) тақырыптық іс-шаралар,  көрмелер өткізу, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде қабылдаулар жүргізу

ММ-ге ақпарат

СІМ

тоқсан сайын

420 000

республикалық бюджет

4.2. Деректі және телевизиялық фильмдер, аудио-видео роликтер шығару

155.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған деректі фильмдер шығару және оларды кейіннен орналастыруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша)

тоқсан сайын

506 000

республикалық бюджет

156.

Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған аудио және бейнероликтерді шығаруды және кейіннен БАҚ-тарда орналастыруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша)

тоқсан сайын

мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде

республикалық бюджет

157.

Республика тәуелсіздігіне арналған көркем фильмдерді шығаруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша)

тоқсан сайын

150 000

республикалық бюджет

158.

Біздің еліміздің тарихында өшпес із қалдырған белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен байланысты оқиғалар туралы телебағдарламалар мен ток-шоулар шығаруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша)

тоқсан сайын

122 724

республикалық бюджет

159.

Қыркүйектен бастап, Тәуелсіздіктің әрбір жылы бойында Қазақстанның жетістіктері туралы бағдарламааралық көрсетілімнің шығуын қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша)

тоқсан сайын

10 000

республикалық бюджет

4.3. Кітаптар, имидждік материалдар, сувенирлік өнімдер және көрнекі насихат құралдарын шығару

160.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының түрлі аспектілерін айшықтайтын кітап өнімдерін, ғылыми – публицистикалық очерктер  шығаруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

БАМ, БҒМ, СЗҚИ

тоқсан сайын

216 690

республикалық бюджет

161.

Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы тақырыбына арналған көрнекі насихат құралдарын, сондай-ақ кәдесый өнімдерін әзірлеуді және шығаруды қамтамасыз ету

ММ-ге ақпарат

ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

25 желтоқсан

175 000

жергілікті бюджет

162.

Мерейтойлық пошталық марканың салтанатты тұсаукесерін және оны айналымға шығаруды ұйымдастыру

ММ-ге ақпарат

БАМ, «Казпошта» АҚ (келісім бойынша)

25 желтоқсан

147

бюджеттен тыс қаражат

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПӘ                       - Қазақстан Республикасы Президентінің
                           Әкімшілігі
ҚжТҮКШІА                 – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                           үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ДҚҚ                      – Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы
ЕурАзЭҚ                  – Еуразиялық экономикалық қауымдастық
СЗҚИ                     – Қазақстан Республикасының Президенті
                           жанындағы Стратегиялық зерттеулер
                           жөніндегі қазақстандық институт
ҰҚК                      – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                           комитеті
КК                       – Қазақстан Республикасының Конституциялық
                           Кеңесі
ІІМ                      – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                           министрлігі
ДСМ                      – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                           министрлігі
СІМ                      – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігі
ИЖТМ                     – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігі
ММ                       – Қазақстан Республикасы Мәдениет
                           министрлігі
«Жас Отан» ЖҚ            – «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар
                           қанаты
МГМ                      – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                           министрлігі
Қорғанысмині             – Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                           министрлігі
БҒМ                      – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі
Қоршағанортамині         – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
БАМ                      – Қазақстан Республикасы Байланыс және
                           ақпарат министрлігі
АШМ                      – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
ККМ                      – Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
ТСМ                      – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                           министрлігі
Еңбекмині                – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                           әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині                – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ                      – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                           министрлігі
ЭДСМ                     – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                           және сауда министрлігі
«Нұр Отан» ХДП           – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы
ҰҒА                      – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
                           Академиясы
ҰБ                       – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Ғарыш агенттігі          – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
                           агенттігі
ӘОДСҰК                   – Қазақстан Республикасы Президентінің
                           жанындағы Әйелдер істері және
                           отбасы-демографиялық саясат жөніндегі
                           ұлттық комиссия
ЕҚЫҰ                     – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
                           ұйымы
ИКҰ                      – Ислам Конференциясы ұйымы
«ҚАА» ЗТБ                – Қазақстанның Азаматтық Альянсы
РҰ                       – Республикалық ұлан
ҚХАХ                     – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
ПІБ                      – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс
                           басқармасы
ШЫҰ                      – Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады