Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 186 Қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 4897 (төрт мың сегіз жүз тоқсан жеті) тонна мөлшеріндегі күріш жармасы броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ауғанстан Ислам Республикасына күріш жармасын баратын жеріне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады