"Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 189 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы       Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы
және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары
үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия
ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманы
ратификациялау туралы

      Санкт-Петербургте 2010 жылға, 19 қарашадағы жасалған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
           Президенті

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және
өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін
тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия
ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты және оған 2010 жылғы 16 сәуірдегі хаттаманы, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді, Кеден одағының сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын өзге шарттар мен құжаттарды негізге ала отырып,
      үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексеріс жүргізетін органды мемлекеттік биліктің (басқарудың) уәкілетті органдарынан, мемлекеттік биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдарынан, Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа органдарынан алынған мәліметтермен, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпинге қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерісті жүргізетін орган (бұдан әрі - тексеріс жүргізетін орган) тексерісті бастау және жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына өскен, демпингтік, субсидияланатын импорттың әсерін және Кеден одағына мүше мемлекеттердің тауар нарығындағы жағдайды объективті талдау, сондай-ақ жүргізілген тексерістердің нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы және басқа да салалардағы уәкілетті, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің үшінші елдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктеріне (бұдан әрі - Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары) немесе Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдарына және аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік органдарына тиісті сұраулар жібереді.

2-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен құзыретті органдарына ақпарат ұсыну туралы сұраулар ақпаратты беру мақсатын, құқықтық негіздерін және мерзімін көрсете отырып, тергеу жүргізетін органның бланкісінде жазбаша түрде ресімделеді және оған тексеріс жүргізетін органның басшысы (оның орынбасары) қол қояды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен құзыретті органдарына сұраулар және осындай сұраулардың негізінде ұсынылатын мәліметтер пошта байланысы арқылы жіберіледі және қажет болған жағдайда тексеріс жүргізетін органның серверінде тіркелген қызметтік электрондық пошта арқылы қайталанады. Сұраулар және осындай сұраулардың негізінде ұсынылатын мәліметтер факсимильді байланыс арқылы жіберілген жағдайда құжаттың түпнұсқасы пошталық байланыспен жолданылуы тиіс.
      Тексеріс жүргізетін органның сұраулары бойынша мәліметтерді Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен құзыретті органдары тегін береді.

3-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен уәкілетті органдары өз құзыреті шеңберінде тексеріс мақсаттары үшін уақыт кезеңдері бойынша сұралатын барлық қажетті ақпаратты, мыналарды қоса алғанда:
      сыртқы сауда туралы статистикалық деректерді;
      тексеріс жүргізуге қажетті алдыңғы кезең ішіндегі сыртқы сауда туралы кедендік деректер. Сыртқы сауда туралы кедендік деректер қажет жағдайда сұратылуы мүмкін және кедендік декларациялар (бұдан әрі - КД) бойынша бөлінуімен ұсынылуы тиіс, онда тауар экспортының/импортының заттай және құндық көрсеткіштері, КД-дағы тауардың коммерциялық атауы, жеткізу жағдайлары, шығарған елдің аты (жөнелту елдері, межелі елдер) жөнелтушінің және алушының басқа есептік деректемелерінің атаулары көрсетіледі;
      тексеріс объектісі болатын тауардың ішкі нарығы, оның ішінде тауар өндірісінің көлемдері, өндіріс қуаттарының жүктемесі, тауардың өткізілуі, тауардың өзіндік құны, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының пайдалары және шығындары, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы тауардың бағалары, өндірістің тиімділігі, қызметшілер саны, инвестициялар бойынша деректер және Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының тиісті саласы бойынша ақпаратты;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің тексеріс объектісі болатын тауар нарығына тиісті тексерістің нәтижелері бойынша арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын ықтимал енгізу немесе енгізбеу салдарын бағалау бойынша ақпарат, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық кәсіпорындарының өндірістік қызметінің болжамын тексеріс жүргізетін сұрату органына ұсынады.
      Осы бапта келтірілген мәліметтер тізбесі толық болып табылмайды. Тексеріс жүргізетін орган қажет жағдайда тексеріс жүргізу және оның нәтижелері туралы ұсыныстар әзірлеу мақсаттарына сүйене отырып, бұл бапта көрсетілмеген мәліметтерді сұратуға құқылы.
      Ақпарат ұсыну электрондық ақпарат тасығыштарда және одан әрі машинамен өңдеуге ыңғайлы нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Кесте түрінде ұсынылатын (статистикалық және кеден ақпараты) ақпаратты беру кезінде тексеріс жүргізетін органның сұрауында көрсетілген формат қолданылады. Берілген кестелердің құрылымы ақпарат алмасатын органдардың келісімі бойынша белгіленеді. Ақпаратты электрондық тасығышта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда ақпарат қағаз тасығышта беріледі.
      Ақпараттың берілуі ақпарат алмасатын органдардың арасында келісілген берілу сәтінде қолжетімді және ақпараттың санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалуын және сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты факсимильді байланыс арқылы жіберген жағдайда құжаттың түпнұсқасы да пошта байланысы арқылы жіберілуі тиіс.
      Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру мәселелері жөнінде хат алмасу және тексеріс жүргізетін органның сұраулары бойынша мәліметтер ұсыну орыс тілінде жүзеге асырылады. Шетелдік атаулары бар жекелеген деректемелер (көрсеткіштер) бойынша латынша әліпбидің әріптерін қолданумен ақпарат ұсынуға жол беріледі.

4-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жатқызылған ақпарат (құпия ақпарат), Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген оны қорғау туралы талаптарды сақтаумен, тексеру жүргізетін органға ұсынылады.
      Бұл ақпаратты ұсынған Кеден одағына мүше мемлекеттің құзыретті органының жазбаша келісімінсіз тексеріс жүргізетін орган үшінші тарапқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құпия ақпаратты жария етпеуге және бермеуге міндетті. Құпия ақпаратты пайдалану және құпия ақпараты бар құжаттарды сақтаудың ішкі тәртібі тексеріс жүргізетін органның ішкі құжатымен айқындалады.
      Өтпелі кезең аяқталғанға дейін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) 2010 жылғы 21 мамырдағы № 37 шешіміне сәйкес құпия ақпаратпен жұмыс және құпия ақпараты бар құжаттарды сақтау қағидасы, сондай-ақ тергеу жүргізетін орган қызметкерлерінің құпия ақпаратты жария еткені үшін жауапты болуы Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.
      Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін құпия ақпаратпен жұмыс және құпия ақпараты бар құжаттарды сақтау қағидасы, сондай-ақ орган қызметкерлерінің құпия ақпаратты жария еткені үшін жауапты болуы жеке түрде айқындалады.

5-бап

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мыналарға:
      тексеріс жүргізетін органның сұрауын алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде оған өз иелігіндегі мәліметтерді беруге немесе мұндай сұраулар бойынша мәліметтер берудің мүмкін еместігі туралы, бас тарту себептерін көрсете отырып ескертуге. Тексеріс жүргізетін органның уәжді өтініші бойынша сұратылған мәліметтер неғұрлым қысқа мерзімде ұсынылуы тиіс;
      берілетін мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда жедел түрде толықтырулар мен өзгерістерді ұсынуға міндетті.

6-бап

      Осы Хаттама ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар ең алдымен консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер дауды Тараптар консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы реттемесе, онда Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

7-бап

      Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Хаттамаға жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

8-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

      Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 19 қарашада орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Кеден одағы комиссиясында сақталады.

      Беларусь                     Қазақстан                Ресей
  Республикасының              Республикасының         Федерациясының
    Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

      Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 19 қарашада жасалған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
     Экономикалық даму және сауда
           министрі                              Ж. Айтжанова

      2010 жылғы 19 қарашадағы Санкт-Петербург қаласында қол қойылған  Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тексерістер мақсаттары үшін тексеру жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады