Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 228 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы «Мемлекеттік мекемелер» деген бөліммен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік мекемелер
      1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады