Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 326 Қаулысы

      «2011 — 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 326 қаулысымен   
бекітілген      

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялау
қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі шығындарының құнын субсидиялау тәртібін белгілейді.
      2. Субсидиялау 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2. ИСО (ағылш. ISO - Іntеrnаtіоnаl Stаndаrd Оrgаnіzаtіоn) - сапа менеджменті жүйесі;
      3) іріктеу - 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бағдарламаға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушылар арасында бөлу үшін оларды айқындау;
      4) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
      5) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
      6) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
      7) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
      8) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      9) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
      10) ХАССП (ағылш. НАССР - Наzаrd Аnаlуsіs аnd Сrіtісаl Соntrоl Pоіnts) - тамақ өнімдері қауіпсіздігін басқару жүйесі;
      11) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері.
      4. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:
      1) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);
      2) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін).
      5. Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:
      1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) тапсырыс берушінің сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
      6. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші-қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.

2. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялау тәртібі

      7. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерге іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссия төрағасы атқаратын лауазым бағдарлама әкімшісінің департамент директоры деңгейінен, ал комиссия мүшелерінің лауазымдары  - бас сарапшы деңгейінен төмен болмауы тиіс.
      Комиссия құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
      8. Бағдарламаның әкімшісі облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - басқармалар) ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жібереді.
      9. Комиссия бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге сай келетін тапсырыс берушілерге іріктеуді жүзеге асырады:        1) Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін);
      2) Қазақстан Республикасының азаматы (жеке тұлғалар үшін);
      3) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша мерзімі үш айдан асып кеткен берешегінің болмауы.
      10. Тапсырыс беруші енгізуді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты (ИСО 9001, ИСО 22000, ХАССП) пайдаланады не штаттағы консультант болғанда оны дербес енгізеді.
      11. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді Комиссияға ұсынады.
      12. Өтінімге:
      1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (СТН);
      2) өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімде берілген салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      3) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;
      егер тапсырыс беруші халықаралық стандартты дербес енгізген жағдайда, консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және байланыс ақпараты, тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған қоса берілген көшірмелері) қоса беріледі;
      егер халықаралық стандарттың енгізілуі тартылған консультантпен қамтамасыз етілген жағдайда:
      1) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
      4) тартылған консультанттың халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған клиенттері туралы ақпарат (мекенжайы, байланыс телефондары, е-mаіl);
      5) тартылған консультанттың консалтингтік қызметтер көрсететін негізгі қызметкерлерінің (заңды тұлғалар үшін) түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты) қоса беріледі.
      13. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағындағы жіптің ұшы «___ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы «___»___» деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды адамының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.
      14. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша бес жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
      15. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағиданың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
      16. Осы Қағиданың талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс беруші-қатысушылар болып белгіленеді.
      17. Шығындарды субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомасына тікелей бара-бар түрде белгілейді.
      18. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға сай келмейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.
      19. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.
      20. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де талаптарды көздейтін шарт жасалады.
      21. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
      22. Субсидиялар алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді;
      2) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін yе қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;
      5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      23. Осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарлама әкімшісіне тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
      24. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеу ведомосын қалыптастырады.
      25. Тапсырыс беруші-қатысушыларға субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.
      26. Іріктеу жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.
      Қайта іріктеу осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімі
өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау қағидасына
1-қосымша

Өтінім
_________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы)

      051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
      1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер
      Толық атауы ______________________________________________
      Заңды мекенжайы __________________________________________
      Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      Жарғылық капиталының мөлшері, теңге _______________________
      Меншікті капиталының мөлшері, теңге _______________________
      Құрылтайшылар _____________________________________________
      Банктік деректемелері _____________________________________
      Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
_________________________________________________________________
      Негізгі қызметінің түрі ___________________________________
      Жылдық айналымы, сомасы ___________________________________
      Қызметкерлердің нақты саны ________________________________
      2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы
      Толық атауы _______________________________________________
      Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі
__________________________________________________________________
      Сертификат алған кәсіпорындардың саны ______________________
      Заңды мекенжайы ___________________________________________
      Нақты мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық мекенжайы
_________________________________________________________________
      Құрылтайшылар _____________________________________________
      Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары
_________________________________________________________________
      Қызметкерлердің саны ______________________________________
       3. Жобаның қысқаша сипаттамасы
      Жобаның жалпы құны ________________________________________
      Төлем шарттары ____________________________________________
      Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні _____ 

Р/с №

Жұмыстардың кезеңдері мен түрлерінің атауы

Құны (теңге)

Жұмыстардың басталған және аяқталған күні

Оның ішінде орындалған жұмыстардың актісі ұсынылды





















4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер
_______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
____________________________м.о.______________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы, күні)

Ауыл шаруашылығы өнімі
өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау қағидасына
2-қосымша

Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және
сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының
шығындарын субсидиялауға арналған
өтінім

Күні 20___ ж.___ ______

      Осымен тапсырыс беруші-қатысушы ______________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен
200__ жылғы ___ ______ № ___ халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау туралы шартқа сәйкес 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) № _______ шотына республикалық бюджеттен____теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

___________________________м.о.____________________________________
(кәсіпорынның атауы) (кәсіпорынның бірінші басшысының қолы мен Т.А.Ә.)

Ауыл шаруашылығы өнімі
өндірісін басқару жүйелерін
      субсидиялау қағидасына
3-қосымша

      «Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      жауапты хатшысы
_____________________________
20___ жылғы «__ » ____ № ___

      051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с №

Тапсырыс берушінің атауы

Субсидиялауға арналған шарттың № және күні

Барлық көрсетілген қызметтер сомасы (теңге)

Оның ішінде

Төлеуге жататыны (теңге)

консультациялық

сертификаттық








Төлеуге жататын сома __________________________________________ теңге
                              (цифрмен, жазбаша)

Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады