"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 586 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі
№ 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 113-құжат; 2003 ж., № 43, 451-құжат; 2004 ж., № 18, 223-құжат, № 51, 671-құжат, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже және Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы осы Жарлықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы ___ _______
№ ____ Жарлығына  
1-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2002 жылғы 29 сәуірдегі
№ 857 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Ұлттық кеңес қызметінің мақсаты мемлекет өміріндегі неғұрлым маңызды мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

      4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған шараларды әзірлеу және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылының келісімділігін қамтамасыз ету;
      3) елдің даму қорытындылары мен перспективаларын қарау, Мемлекет басшысына мемлекет пен қоғам тыныс-тіршілігінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) мемлекеттік саясат мәселелерін талқылауға жағдай жасау және оларға жалпыұлттық түрде қатысуды ұйымдастыру;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша мемлекет пен қоғамның өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.

3. Ұлттық кеңестің өкілеттігі

      5. Ұлттық кеңес өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
      1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық өмірінің мәселелерін шешуге қатысты мәселелер бойынша ұсынымдар енгізеді;
      2) өз қызметінің жекелеген мәселелері мен бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
      3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан Ұлттық кеңестің міндеттерін іске асыруға қажетті құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
      4) халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      5) Ұлттық кеңестің отырыстарына шығарылатын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарды тыңдайды;
      6) Ұлттық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, басқа да ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды;
      7) статистикалық, талдамалық, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға қарау үшін жолдайды;
      8) Ұлттық кеңестің міндеттерінен туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырады.

4. Ұлттық кеңестің құрамы

      6. Ұлттық кеңестің құрамы Ұлттық кеңес төрағасынан, оның мүшелері мен хатшысынан жасақталады.
      7. Ұлттық кеңестің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
      8. Төраға:
      1) Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Ұлттық кеңес отырыстарының өтетін орны мен уақытын анықтайды;
      3) Ұлттық кеңестің отырыстарына төрағалық етеді;
      4) Ұлттық кеңестің мүшелері мен хатшысына тапсырмалар береді.
      9. Ұлттық кеңестің құрамы ондағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың тең өкілдігі негізінде жасақталады. Кеңес мүшелерінің жартысы орталық мемлекеттік органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, өңірлердің әкімдері арасынан тағайындалады.
      Кеңес мүшелерінің жартысы азаматтық қоғам институттарының өкілдері арасынан тағайындалады. Азаматтық қоғам институттары өкілдерінің тізімін жасақтаудың негізгі өлшемдері олардың елдің дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық қызметтегі елеулі тәжірибесі болып табылады.
      Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Бас прокурор, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ұлттық кеңестің құрамына лауазымдары бойынша кіреді.
      Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
      10. Ұлттық кеңестің мүшелері:
      1) Ұлттық кеңестің қызметін жетілдіру, оның ішінде Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен ондағы мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Ұлттық кеңес отырыстарына материалдар, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға және Ұлттық кеңес қарайтын мәселелерді талқылауға қатысуға;
      3) Ұлттық кеңес отырысына енгізілген мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақпараттарын Ұлттық кеңестің отырыстарында тыңдауға;
      4) азаматтардың маңызды қоғамдық мәні бар өтініштерін Ұлттық кеңестің қарауына енгізу құқықтары бар.
      Ұлттық кеңестің әрбір мүшесі жарты жылда бір рет, дербес, жазбаша түрде өз қызметі саласындағы неғұрлым маңызды мәселелер бойынша Кеңес отырыстарынан тыс жұмыс тәртібімен қаралатын ұсыныстар мен ұсынымдар береді.
      Ұлттық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқықтары жоқ және оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
      11. Ұлттық кеңестің хатшысы:
      1) Ұлттық кеңестің жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      2) оның отырыстарының күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
      3) Ұлттық кеңестің отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
      4) Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы оның мүшелерін хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Ұлттық кеңестің отырыстары хаттамаларының үзінді көшірмелеріне өзінің қолын қойып куәландырады.

5. Ұлттық кеңестің жұмыс тәртібі

      12. Ұлттық кеңестің отырыстары (бұдан әрі - отырыс) қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі.
      13. Егер оған Ұлттық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды болып табылады.
      14. Отырысқа төрағалық етуші:
      1) отырыстың күн тәртібі мен жұмыс тәртібі туралы хабардар етеді;
      2) осы ережеге сәйкес отырыстың өткізілуін қамтамасыз етеді;
      3) сөз сөйлеу үшін ұсыныстардың түсу тәртібімен сөз беріп отырады, ал қажет болған жағдайда мұндай өзгерістердің себептерін жария етіп, сөз сөйлеушілердің реттік кезегін өзгертеді;
      4) отырыста талқылау қорытындысын шығарады және хаттамаға қол қояды.
      15. Ұлттық кеңестің шешімдері отырыс барысында Ұлттық кеңес мүшелерінің дауыс беру жолымен қабылданады. Егер Ұлттық кеңестің отырысқа қатысқан мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық кеңестің шешімі қабылданған болып есептеледі.
      Отырысқа қатысушылардың дауысы тең болған жағдайда Төраға дауыс берген шешім қабылданады.
      Төраға өзінің қалауы бойынша жекелеген мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудың өзге де тәртібін белгілеуге құқылы.
      Ұлттық кеңестің мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      16. Ұлттық кеңестің шешімдері Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Қажет болған жағдайда Ұлттық кеңестің шешімі Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің актілерімен іске асырылуы мүмкін.
      17. Төрағалық етушінің шешімі бойынша Ұлттық кеңестің отырысына Кеңестің құрамына кірмейтін Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылуы мүмкін. Ұлттық кеңес отырысына шақырылғандар дауыс беруге қатыспайды.
      18. Ұлттық кеңес өз жұмысының осы ережеде көзделмеген ұйымдастыру мәселелерін реттейтін регламент қабылдауға құқылы.
      19. Ұлттық кеңестің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі болып табылады.
      Ұлттық кеңестің жұмыс органы:
      1) Ұлттық кеңес мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары мен ұсынымдарын талдайды;
      2) Ұлттық кеңестің ұсынымдарын тиісті мемлекеттік органдарға қарау үшін жолдайды.
      20. Ұлттық кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы ___ _______
№ __ Жарлығына   
2-ҚОСЫМША     

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2002 жылғы 29 сәуірдегі
№ 857 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің
құрамы

Назарбаев                    - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы              Төраға

Мыңбай                       - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Қамзабекұлы             Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                               меңгерушісі, хатшы

Ұлттық кеңестің мүшелері:

Мәми                         - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қайрат Әбдіразақұлы            Сенатының Төрағасы

Мұхамеджанов                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Орал Байғонысұлы               Мәжілісінің Төрағасы

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі

Саудабаев                    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы              хатшысы

Мусин                        - Қазақстан Республикасының Президенті
Аслан Есболайұлы               Әкімшілігінің Басшысы

Дауылбаев                    - Қазақстан Республикасының
Асхат Қайзоллаұлы              Бас прокуроры

Әшімбаев                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы             Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Божко                        - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович              жағдайлар министрі

Жұмағалиев                   - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                және ақпарат министрі

Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы             ғылым министрі

Қазыханов                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозейұлы                 министрі

Құл-Мұхаммед                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                министрі

Мамытбеков                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы             шаруашылығы министрі

Есімов                       - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Тасмағамбетов                - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Ізмұхамбетов                 - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы

Ахметов                      - Қарағанды облысының әкімі
Серік Нығметұлы

Біләлов                      - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Серік Сұлтанғазыұлы

Сапарбаев                    - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Машбекұлы

Бижанов                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы                Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы               Сенатының Халықаралық қатынастар,
                               қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Айымбетов                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сейітсұлтан Сүлейменұлы        Мәжілісінің Экономикалық реформа және
                               өңірлік даму комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Жолшыбеков                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Әмзебек Рысбекұлы              Мәжілісінің Халықаралық істер,
                               қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Қарақұсова                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлжан Жанпейісқызы            Мәжілісінің Қаржы және бюджет
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

Мадинов                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ромин Ризұлы                   Мәжілісінің Аграрлық мәселелер
                               комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Мұқашев                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рахмет Желдібайұлы             Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық
                               реформа комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Нығматулин                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы              Мәжілісінің Экология мәселелері және
                               табиғат пайдалану комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Нөкетаева                    - Қазақстан Республикасы Парламенті
Динар Жүсіпәліқызы             Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                               комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

Әбдікәрімов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Оралбай Әбдікәрімұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Болат Қылышбайұлы              жанындағы Қазақстан стратегиялық
                               зерттеулер институтының директоры

Шәкіров                      - Қазақстан Республикасындағы Адам
Асқар Оразалыұлы               құқықтары жөніндегі уәкіл

Нокин                        - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы                 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                               істері агенттігінің төрағасы

Байменов                     - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық
Әлихан Мұхамедияұлы            партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Қалиев                       - Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл»
Ғани Әлімұлы                   партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Косарев                      - Қазақстанның Халықтық Коммунистік
Владислав Борисович            партиясының төрағасы (келісім бойынша)

Мәмбеталин                   - «Руханият» жасылдар партиясының
Серікжан Есенғосұлы            төрағасы (келісім бойынша)

Нәрікбаев                    - «Әділет» демократиялық партиясының
Мақсұт Сұлтанұлы               төрағасы (келісім бойынша)

Нығматулин                   - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Нұрлан Зайроллаұлы             партиясы төрағасының бірінші
                               орынбасары (келісім бойынша)

Айтбаев                      - тілтанушы, филология ғылымдарының
Өмірзақ Айтбайұлы              докторы, Қазақстан Республикасының
                               Ұлттық ғылым академиясының
                               корреспондент-мүшесі, Халықаралық
                               «Қазақ тілі» қоғамының президенті
                               (келісім бойынша)

Аманбаев                     - Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының
Әли Әбілтайұлы                 төрағасы (келісім бойынша)

Әуезов                       - қоғам қайраткері, қытайтанушы,
Мұрат Мұхтарұлы                мәдениеттанушы, Қазақстан жазушылар
                               одағының мүшесі (келісім бойынша)

Ахметова                     - Үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес»
Ләйла Сейсембекқызы            Алматы конфедерациясының төрайымы
                               (келісім бойынша)

Бөлекбаев                    - «Ғалымдар Орталық Азиядағы
Сағади Байұзақұлы              бейбітшілікті қолдайды» қоғамдық
                               бірлестігінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Вовнянко                     - «Қазақстан Республикасының
Игорь Александрович            кинематографистер одағы» қоғамдық
                               бірлестігінің төрағасы (келісім
                               бойынша) 

Ерімбетов                    - «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің
Нұрлан Кенжебекұлы             төрағасы (келісім бойынша)

Жангереева                   - «Астана қаласы тәуелсіз медициналық
Гүлмира Төреғалиқызы           сарапшылар қауымдастығы» қоғамдық
                               бірлестігінің төрайымы (келісім
                               бойынша)

Жұрынов                      - «Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы                 ғылым академиясы» қоғамдық
                               бірлестігінің президенті (келісім
                               бойынша)

Қасқабасов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Сейіт Асқарұлы                 ғылым министрлігінің М.О. Әуезов
                               атындағы Әдебиет және өнер
                               институтының директоры, Қазақстан
                               Республикасының Ұлттық ғылым
                               академиясының академигі, филология
                               ғылымдарының докторы, профессор
                               (келісім бойынша)

Каюпова                      - «Республикалық әйелдер кеңесі»
Нина Амировна                  қоғамдық бірлестігінің төрайымы
                               (келісім бойынша)

Мамашев                      - «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы»
Талғат Асылұлы                 республикалық қоғамдық бірлестігінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Могилюк                      - «Қазақстан экофорумы» қоғамдық
Светлана Владимировна          бірлестігінің төрайымы (келісім
                               бойынша)

Мұқашев                      - Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы             федерациясы кеңесінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Нұртөре Жүсіп                - «Айқын» газетінің бас редакторы,
                               Қазақстан Республикасы Президентінің
                               бұқаралық ақпарат құралдар саласындағы
                               сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Оразалин                     - «Қазақстан жазушылар одағы» қоғамдық
Нұрлан Мірқасымұлы             бірлестігінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Перуашев                     - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы               экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Рүстембекова                 - «Ареал» қоғамдық қорының директоры
Айман Мейірқызы                (келісім бойынша)

Рүстембеков                  - «Сәулетшілер одағы» республикалық
Ақмырза Исаұлы                 қоғамдық бірлестігінің президенті
                               (келісім бойынша)

Смағұлов Бақытбек            - «Ауған соғысы ардагерлері»
                               қауымдастығының төрағасы, «Сауап»
                               қоғамдық қорының төрағасы
                               (келісім бойынша)

Соловьева                    - «Қазақстан Азаматтық альянсы»
Айгүл Сағадибекқызы            қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар
                               бірлестігінің президенті, Қазақстан
                               Республикасы Парламенті Мәжілісінің
                               депутаты (келісім бойынша)

Сүлейменов                   - «Қазақстан Республикасының ардагерлер
Қайырбек Шошанұлы              ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Орталық
                               кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Терещенко                    - «Орыс, славян және қазақ ұйымдары
Сергей Александрович           қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің
                               төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік
                               қайраткері (келісім бойынша)

Омарбеков                    - Қазақстан Суретшілер одағы
Байтұрсын Есжанұлы             басқармасының төрағасы (келісім
                               бойынша)

Чернышев                     - «Талдау және болжау институты»
Олег Владимирович              жауапкершілігі шектеулі
                               серіктестігінің директоры, «Шығыс
                               Қазақстан облысы Азаматтық альянсы»
                               заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Сәрінжіпов                   - «Назарбаев Университеті» акционерлік
Аслан Бәкенұлы                 қоғамы Атқарушы кеңесінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады