Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 592 Қаулысы

      Чернобыль апатының 25 жылдығына байланысты Чернобыль жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Украинаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін 2000000 (екі миллион)евроға баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін: Account name: EBRD Chernobyl Shelter Fund,  Bank name: KBC Bank, Brussels, Account no: 480-9437557-47, SWIFT code: KREDBEBB, IBAN no: BE22 4809 4375 5747, Currency: EUR, Bank address: Havenllan 2, B-1080 Brussels, Belgium.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады