Қорғаныс мұқтажы үшін жер беру және «Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейтудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 152 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1021 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері корабльдерінің орналасу пункттерін салу үшін тұрақты жер пайдалану құқығына Ақтау қаласының және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының жерлерінен «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жалпы ауданы 1,3056 гектар жер учаскесі қорғаныс мұқтажы үшін берілсін.
      2. «Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейтудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 152 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына су қоры жерлерінен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 34,2 гектар жер учаскесін уақытша өтемді жер пайдалануға мынадай шарттарда беруді қамтамасыз етсін:».
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Маңғыстау облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1021 қаулысына    
қосымша        

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығына берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің
жалпы алаңы,
гектар

Жер учаскесінің
нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің
орналасқан жері

1.

1,2

Корабльдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету пунктін салу үшін

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

2.

0,1056

Корабльдерді орналастыру және оларға қызмет көрсету пунктін салу үшін

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутино кенті

Барлығы

1,3056




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады