"Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1065 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1065 қаулысына
Баспасөз хабарламасы

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 444-IV Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
      Жобада Заңға сәйкестікке келтіру мақсатында және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бағыттарын іске асыру механизмдерін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделді.
      Жобаны қабылдау Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жастар практикасын өткізудің шараларын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасынан алып тастау арқылы 2012 жылдан бастап оны ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
      Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыру» 128 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.
      Жоба қаржы, әділет, білім және ғылым, экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы министрліктерімен және құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы істері агенттігімен келісілді.
      Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз