"Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 1070 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 310-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:
      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүзеге асырады.»;
      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дипломдар мен омырау белгілерін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.»;
      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
      Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, омырау белгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі болып табылады.»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен омырау белгісінің сипаттамасында:
      1-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы және 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:»;
      2-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы және 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында:»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жапсырма беттің ішкі екі жақтарының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2011 жылғы __ ______  
№ __ Жарлығына   
1-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН      

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы                  - төраға

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі            - төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі       - хатшы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы             Сенатының Халықаралық қатынастар,
                             қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
                             төрағасы (келісім бойынша)

Пішембаев                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мейрам Құдайбергенұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сағадиев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы            Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Төлешев                    - «Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амандық Қуатұлы              инженерлік академиясы» республикалық
                             қоғамдық бірлестігінің вице-президенті,
                             техника ғылымдарының докторы, профессор
                             (келісім бойынша)

Дүйсенбеков                - «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Зайролла Дүйсенбекұлы        академиясы» республикалық қоғамдық
                             бірлестігінің Орталық Қазақстандық
                             бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                             академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының
                             докторы, профессор (келісім бойынша)

Сыдықов                    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ерлан Батташұлы              министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық
                             жүргізу құқығындағы республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, тарих
                             ғылымдарының докторы, профессор

Әбусейітова                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Меруерт Қуатқызы             министрлігі Ғылым комитетінің
                             «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану
                             институты» республикалық мемлекеттік
                             қазыналық кәсіпорнының директоры, тарих
                             ғылымдарының докторы, профессор

Әдекенов                   - «Фитохимия» халықаралық
Серғазы Мыңжасарұлы          ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік
                             қоғамының президенті, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                             академигі, химия ғылымдарының докторы,
                             профессор (келісім бойынша)

Байпақов                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Карл Молдахметұлы            министрлігі Ғылым комитетінің
                             «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология
                             институты» республикалық мемлекеттік
                             қазыналық кәсіпорнының бөлім
                             меңгерушісі, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының академигі,
                             тарих ғылымдарының докторы, профессор

Данаев                     - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нарғозы Тұрсынбайұлы         министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ
                             ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу
                             құқығындағы республикалық мемлекеттік
                             кәсіпорны Механика және математика
                             институтының директоры,
                             физика-математика ғылымдарының докторы,
                             профессор

Мұқашев                    - «Жер туралы ғылымдар, металлургия және
Болат Нығметұлы              кен байыту орталығы» акционерлік
                             қоғамының Физика-техникалық институтының
                             конденсацияланған орта физикасы мен жаңа
                             материалдар зертханасының меңгерушісі,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының академигі,
                             физика-математика ғылымдарының докторы,
                             профессор, (келісім бойынша)

Нысанбаев                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Әбдімәлік Нысанбайұлы        министрлігі Ғылым комитетінің «Философия
                             және саясаттану институты» республикалық
                             мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                             құрметті директоры, Қазақстан
                             Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
                             академигі, философия ғылымдарының
                             докторы, профессор

Өтелбаев                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мұқтарбай Өтелбайұлы         министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық
                             жүргізу құқығындағы республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының іргелі және
                             қолданбалы математика кафедрасының
                             профессоры, Қазақстан Республикасы
                             Ұлттық ғылым академиясының академигі,
                             физика-математика ғылымдарының докторы,
                             профессор

Раманқұлов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ерлан Мірхайдарұлы           министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық
                             биотехнология орталығы» шаруашылық
                             жүргізу құқығындағы республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры,
                             РhD докторы

Сүлейменов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Батырбек Айтбайұлы           министрлігі «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ
                             ұлттық техникалық университеті»
                             шаруашылық жүргізу құқығындағы
                             республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                             технологиялық процестер мен өндірістерді
                             автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі,
                             техника ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2011 жылғы __ ______  
№ __ Жарлығына   
2-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 тамыздағы
№ 381 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы                  - төраға

Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрі                    - төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет вице-министрі               - хатшы

Әдебиет секциясы

Қасқабасов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сейіт Асқарұлы               министрлігі Ғылым комитетінің «М. Әуезов
                             атындағы Әдебиет және өнер институты»
                             республикалық мемлекеттік қазыналық
                             кәсіпорнының директоры, әдебиеттанушы,
                             Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                             академиясының академигі, Қазақстан
                             Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты, секция төрағасы

Смайыл                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Алдан                        Мәжілісінің депутаты, жазушы, Қазақстан
                             Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Жолдасбеков                - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Мырзатай                     министрлігінің Мәдениет комитеті
                             «Қазақстан Республикасы Президенттік
                             мәдениет орталығы» мемлекеттік
                             мекемесінің директоры, әдебиеттанушы,
                             филология ғылымдарының докторы,
                             профессор

Оразалин                   - «Қазақстан Жазушылар одағы»
Нұрлан Мірқасымұлы           республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             төрағасы, Қазақстан Республикасы
                             Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                             бойынша)

Әбдезұлы                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Қансейіт                     министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ
                             ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу
                             құқығындағы республикалық мемлекеттік
                             кәсіпорнының филология факультетінің
                             деканы, филология ғылымдарының докторы,
                             профессор, Қазақстан Жазушылар одағы
                             басқармасының мүшесі, Ұлттық ғылым
                             академиясы Жоғары мектебінің академигі

Әбдікұлы                   - жазушы, Қазақстан Республикасы
Төлен                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                             бойынша)

Әбдірахманов               - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
Сауытбек                     акционерлік қоғамының президенті,
                             әдебиеттанушы, Қазақстан Республикасы
                             Президентінің бұқаралық ақпарат
                             құралдары саласындағы сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Есдәулетов                 - «Қазақстан Жазушылар одағы»
Ұлықбек Оразбайұлы           республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             жанындағы «Жұлдыз» журналының бас
                             редакторы, ақын, Қазақстан Республикасы
                             Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Исабеков                   - жазушы, Қазақстан Республикасы
Дулат                        Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Қамзабекұлы                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Дихан                        министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                             Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық
                             жүргізу құқығындағы республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының оқу-әдістемелік
                             жұмыс жөніндегі проректоры, филология
                             ғылымдарының докторы, профессор

Кекілбаев                  - халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,
Әбіш                         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Мағауин                    - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мұхтар                       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Михайлов                   - «Қазақстан Жазушылар одағы»
Валерий Федорович            республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             жанындағы «Простор» журналының бас
                             редакторы, «Алаш» сыйлығының лауреаты,
                             Қазақстан және Ресей жазушылар
                             одақтарының мүшесі (келісім бойынша)

Молдағалиев                - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Тұманбай                     Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Шаштайұлы                  - «Қазақстан Жазушылар одағы»
Жұмабай                      республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             жанындағы «Қазақ әдебиеті» газетінің
                             бас редакторы, жазушы, Қазақстан
                             Республикасының Президенті сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Ысқақбай                   - жазушы, «Қазақстан авторлары қоғамы»
Маралбай Ысқақбайұлы         республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген
                             қайраткері (келісім бойынша)

Музыка, театр және кино секциясы

Дінішев                    - КСРО халық әртісі, Қазақстан
Әлібек Мұсаұлы               Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты, секция төрағасы (келісім
                             бойынша)

Тілеухан                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бекболат                     Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                             Республикасының еңбек сіңірген әртісі,
                             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Вовнянко                   - «Қазақстан Кинематографистер одағы»
Игорь Александрович          қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
                             Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
                             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Жаманқұлов                 - «Қазақстан Театр қайраткерлерінің одағы»
Тұңғышбай                    республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             төрағасы, Қазақстан Республикасының
                             халық әртісі, Қазақстан Республикасы
                             Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Қыдырбек                   - «Қазақстан композиторлар қауымдастығы»
Балнұр Балғабекқызы          қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
                             композитор (келісім бойынша)

Әмірқұлов                  - «Ардфильм» студиясы» жауапкершілігі
Ардақ Жамансарыұлы           шектеулі серіктестігінің директоры,
                             режиссер, сценарист, продюсер, Қазақстан
                             Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты (келiсiм бойынша)

Андриасян                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Рубен Суренович              министрлігі Мәдениет комитетінің
                             «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік
                             академиялық орыс драма театры»
                             республикалық мемлекеттік қазыналық
                             кәсіпорнының көркемдік жетекшісі,
                             Қазақстан Республикасының халық әртісі,
                             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты

Әубәкірова                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жәния Яхияқызы               министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ
                             ұлттық консерваториясы» мемлекеттік
                             мекемесінің ректоры, профессор,
                             Қазақстан Республикасының халық әртісі,
                             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты

Әшімов                     - КСРО халық әртісі, Қазақстан
Асанәлі                      Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Косенко (Трегубенко)       - Астана қаласының Мәдениет басқармасы
Наталья Павловна             «М. Горький атындағы Орыс драма театры»
                             мемлекеттік қазыналық коммуналдық
                             кәсіпорнының актрисасы, Қазақстан
                             Республикасының еңбек сіңірген әртісі

Мұсақожаева                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Айман Қожабекқызы            министрлігі «Қазақ ұлттық өнер
                             университеті» мемлекеттік мекемесінің
                             ректоры, профессор, Қазақстан
                             Республикасының халық әртісі, Қазақстан
                             Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты

Молдакәрімова              - Қазақстан Республикасының халық әртісі
Ғалия Әбіләкімқызы           (келісім бойынша)

Сығай                      - театртанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген
Әшірбек Төребайұлы           қайраткері, Қазақстан Республикасы
                             Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
                             профессор (келісім бойынша)

Тарази (Әшімов)            - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы
Әкім Үртайұлы                Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім
                             бойынша)

Тұтқыбаева                 - балетмейстер, Қазақстан Республикасының
Гүлжан Ұсамбекқызы           халық әртісі (келісім бойынша)

Үсенбаева                  - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Нұржамал Пернебекқызы        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Бейнелеу өнері және сәулет секциясы

Сергебаев                  - суретші-мүсінші, Қазақстан
Ескен Аманжолұлы             Республикасының еңбек сіңірген өнер
                             қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ
                             КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
                             секция төрағасы (келісім бойынша)

Рүстембеков                - «Қазақстан Сәулетшілер одағы»
Ақмырза Исаұлы               республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             президенті, Қазақстан Республикасының
                             еңбек сіңірген сәулетшісі
                             (келісім бойынша)

Сүлейменов                 - «Қазақстан Дизайнерлер одағы»
Тимур Бимашұлы               республикалық қоғамдық бірлестігінің
                             президенті, Қазақстан Республикасының
                             еңбек сіңірген өнер қайраткері,
                             суретші-дизайнер (келісім бойынша)

Әлиев                      - кескіндемеші, Қазақстан Республикасы
Дулат Қапбарұлы              Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
                             (келісім бойынша)

Досмағамбетов              - Астана қаласының сәулет және қала
Баир Фарденұлы               құрылысы басқармасы «Астана қаласының
                             бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау
                             институты» мемлекеттік коммуналдық
                             кәсіпорнының директоры, сәулетші, Мәскеу
                             қаласы Халықаралық сәулет академиясының
                             профессоры

Дүзелханов                 - кескіндемеші, Қазақстан Республикасының
Ағымсалы                     еңбек сіңірген өнер қайраткері,
                             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                             сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Ерғалиева                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Райхан Әбдешқызы             министрлігі Ғылым комитетінің «М.Әуезов
                             атындағы Әдебиет және өнер институты»
                             республикалық мемлекеттік қазыналық
                             кәсіпорны бейнелеу өнері бөлімінің
                             меңгерушісі, өнертану докторы, ЮНЕСКО
                             жанындағы Халықаралық көркемдік сыншылар
                             қауымдастығының мүшесі

Жүнісов                    - «Астана қаласының сәулет және қала
Сәрсенбек Ендібайұлы         құрылысы басқармасы» мемлекеттік
                             мекемесінің бастығы, Астана қаласының
                             бас сәулетшісі

Зәуірбекова                - суретші-гобеленші, Ш.Уәлиханов атындағы
Бәтима Есмұратқызы           Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Құмарова                   - өнертанушы, Қазақстан Республикасының
Сәбила Бекжанқызы            еңбек сіңірген өнер қайраткері,
                             Қазақстан Республикасы Суретшілер
                             одағының мүшесі (келісім бойынша)

Твердохлебов               - суретші-монументалист, Қазақстан
Владимир Сергеевич           Республикасының еңбек сіңірген өнер
                             қайраткері, Қазақстан Республикасы
                             Суретшілер одағының мүшесі (келісім
                             бойынша)

Төлепбай                   - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген
Ерболат Тоғысбайұлы          қайраткері, Ресей Федерациясы Суретшілер
                             академиясының академигі, Сальвадор Дали
                             сыйлығының лауреаты, Қазақстан
                             Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
                             лауреаты (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады