"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 1073 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай езгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      05 «Денсаулық сақтау» деген функционалдық топта:
      226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген әкімші бойынша:
      016 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      «Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы сот медициналық орталығының құрылысы» деген жолдағы «303 519» деген сандар «268 945» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына:
«





Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы сот медициналық орталығының құрылысы

303 519

946 000

1 912 000

                                                                   »;
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«





Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы сот медициналық орталығының құрылысы түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

34 574



                                                                   ».
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      05 «Денсаулық сақтау» деген функционалдық топта:
      226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген әкімші бойынша:
      005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «Ақтөбе облысы» деген жолдағы «3 600 302» деген сандар «3 605 206» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Батыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «499 698» деген сандар «494 794» деген сандармен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады