Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1409 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 6215016 (алты миллион екі жүз он бес мың он алты) теңге бөлінсін.
      2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1409 қаулысына
қосымша     

Орындалуға жататын сот актілерінің тізбесі

р/с

Сот органының атауы және шешімнің күні

Талапкер

Өндіріп алушының пайдасына мемлекеттік бажды ескере отырып сот шығыстары (теңге)

1

2

3

4

1

Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының 2011 жылғы 27 сәуірдегі шешімі, Қарағанды облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 20 шілдедегі қаулысы, Қарағанды облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысы

А.Г. Қасымов

2295200

2

Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2011 жылғы 31 қаңтардағы шешімі, Қостанай облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 5 наурыздағы қаулысы, Қостанай облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 27 сәуірдегі қаулысы

А.А. Михеев

150000

3

Павлодар қалалық сотының 2011 жылғы 1 ақпандағы шешімі, Павлодар облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 25 сәуірдегі қаулысы, Павлодар облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 14 маусымдағы қаулысы, Павлодар облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 1 тамыздағы қаулысы

П.Ж. Әлімханова

156857

4

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының 2011 жылғы 20 шілдедегі шешімі, Ақтөбе облыстық соты аппеляциялық сот инстанцияның 2011 жылғы 24 тамыздағы қаулысы; Ақтөбе облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 5 қазандағы қаулысы; Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі анықтамасы

Н.М. Хасанов

371585

5

Павлодар қалалық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы шешімі; Павлодар облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 14 маусымдағы қаулысы, Павлодар облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 23 тамыздағы қаулысы

А.Т. Төлеутаева

935000

6

Қызылорда қалалық сотының 2011 жылғы 23 маусымдағы шешімі; Қызылорда облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 10 тамыздағы қаулысы, Қызылорда облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 27 қазандағы қаулысы

К.С. Жолдыбай

1500756

7

Ақмола облысы Еңбекші аудандық сотының 2011 жылғы 2 маусымдағы шешімі; Ақмола облыстық соты аппеляциялық сот алқасының 2011 жылғы 21 шілдедегі қаулысы;
Ақмола облыстық соты кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 25 тамыздағы қаулысы

С.В. Новохатский

805618

Жиыны:                                            6215016

Жалпы сомасы:                                     6215016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады