Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1411 Қаулысы

      "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2011 жылғы егіннің астығын сақтау мақсатында республиканың солтүстік облыстарындағы астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа өңірлердегі бос астық қабылдау кәсіпорындарына "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, бюджет, меншікті және тартылған кредит қаражаты есебінен сатып алған 500 000 (бес жүз мың) тоннадан кем емес көлемдегі азық-түліктік астықтың орнын ауыстыруға кеткен шығындарды төлеуге 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1699629969 (бір миллиард алты жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз алпыс тоғыз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      2. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен орны ауыстырылған азық-түліктік астық көлемін кейіннен алмастыра және (немесе) ішкі нарықта және (немесе) экспортқа сата отырып, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен солтүстік облыстардағы астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа өңірлеріндегі бос астық қабылдау кәсіпорындарына азық-түліктік астықтың орнын ауыстыруға байланысты шарттарды жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады