Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 773 қаулысымен

«Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 қаулысына пресс релиз

      «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес әзірленген, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту жатады.
      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына тиісті өзгертулер жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің нормативтік құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 91-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес енгізілген.
      Осы қаулыны қабылдау қолданыстағы телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасау және оларды орталықтан басқару тәртібін анықтайды.

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз