Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1549 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "56-1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуына рұқсат береді;";
      57) және 58) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "57) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
      58) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;".
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады