"Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 13 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 13 қаулысына баспасөз-релизі

      «Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің  2012 жылғы 10 қаңтардағы № 13 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу қаупін тудыратын органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулерді орындайтын зертханаларға (бұдан әрі – зертхана) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз