Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын сот практикасында қолдану кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      қаулы етеді:

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 785-бабының бірінші және екінші бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары (бұдан әрі – қамтамасыз ету шаралары) әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің айрықша құралдары болып табылады. Оларды уәкілетті лауазымды адам өзінің өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасағаны үшін сезікті болған адамның жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіпті, аварияны немесе техногендік апатты болдырмаған жерде жерде жасау мүмкін болмағанда және осындай шараларды қабылдамау істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтауға, оны заңға сәйкес шешуге, шығарылған қаулыны орындауды қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жағдайда қолданады.

      Қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке тексеріп қараудан, жеке адамның заттарын тексеріп қараудан басқа), іс бойынша өндіріс кезінде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.

      Қамтамасыз ету шараларын қолдану заңды болуға, парасаттылық, қажеттілік және жеткіліктілік өлшемдеріне сай келуге тиіс. ӘҚБтК-нің 785-бабында көрсетілген қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер қажеттілікке байланысты болса басқа шаралармен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

      Өзіне қатысты қолданылған қамтамасыз ету шараларына адам жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға), мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық сотқа ӘҚБтК-нің 44-тарауымен көзделген тәртіппен шағымдана алады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, адам ӘҚБтК-нің 786-бабы бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында және екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған жағдайларда егер хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi бола тұра оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның өкілін, лауазымды адамды, сондай-ақ көлік құралдарын, кемені және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдарын мәжбүрлеп алып келуді білдіреді.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі туралы объективті деректердің және өзіне қатысты осы шара қолданылып отырған адамның құқық бұзушылықты жасағаны туралы негізді болжамның болуы негіз болып табылады. Құқық бұзушының мемлекеттік орган өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылықты жасауды тоқтатуы туралы заңды талаптарына немесе өкімдеріне бағынудан бас тартуы қосымша негіздердің бірі болып табылады.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын өзге жағдайларда қолдануға жол берілмейді.

      Прокурордың тапсырмалары немесе ӘҚБтК-нің 786-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда жеке адамды жеткізу туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы толтыруға уәкілетті лауазымды адамдардың өтініштері жазбаша түрде ресімделуге тиіс.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      3. Жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан қысқаша мерзімге шектеуді әкiмшiлiк ұстау деп түсінген жөн.

      Осы қамтамасыз ету шарасы ӘҚБтК-нің 787-бабында көрсетілген жағдайларда құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, құжаттарды тексеру, адамның жеке басын анықтау және т.б. мақсатында қолдануға болмайды.

      Әкімшілік ұстау мерзімдері және оларды есептеу тәртібі ӘҚБтК-нің 789-бабымен белгіленген.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. Алып келу – өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке адамды немесе заңды тұлғаның өкілін, әкімшілік жауапқа тартылып отырған кәмелетке толмағанның заңды өкілін, осы адамдар судьяның немесе органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа немесе органға мәжбүрлеп алып келуді білдіреді. Алып келуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істероргандары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады. Ұйғарымның көшірмесі алып келуге жататын адамға тапсырылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Жеке адамды тексеріп қарау, жеке адамның заттарын тексеріп қарау және көлік құралын, шағын көлемдi кеменi тексерiп қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана әкiмшiлiк құқық бұзушылық құралдарын не нысаналарын табу мақсатында жүргiзiледi. Аталған қамтамасыз ету шараларын басқа жағдайларда қолдануға болмайды.

      Осы қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК-нің 787-бабында көрсетілген лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 791 және 792-баптарының талаптарын сақтай отырып қолданады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Тексеру түріндегі қамтамасыз ету шарасы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында қолданылады. Істің мән-жайына қарай сол көлік құралдары, жер, заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар, құжаттар, тiрi адамдар тексерілуі мүмкін.

      Тексерудің жалпы ережелері ӘҚБтК-нің 794-бабымен белгіленген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      8. Егер құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар, құқық бұзушылық жасалған жерде не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде табылса оларды алуға болады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар алуды тиісті лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 795, 799-баптарымен көзделген тәртіпте жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      9. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жүргiзушi адам алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю жағдайында болған деп есептеуге жеткiлiктi негiздер болған кезде, көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету түрінде іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы ӘҚБтК-нің 796-бабымен көзделген тәртіппен қолданылуға тиіс.

      Уәкілетті лауазымды адамның көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргiзушi адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю белгілерін тікелей анықтауы, сондай-ақ олардың алкогольді немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды қабылдауы туралы мәлімдемелер, хабарламалар, олардың осы заттарды қабылдағанын мойындауы аталған қамтамасыз ету шарасын қолдануға негіз болатын жеткілікті деректер болып табылады.

      Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлген адам масаю жағдайын куәландыруға жатады.

      Көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргiзушi адам куәландырудан жалтарған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада, куәландыру актісінде ол туралы белгі жасалады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 528 қаулысымен бекітілген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiнің 14-тармағы).

      Өзге жағдайларда аталған шара қолданылуға жатпайды.

      Көлік құралын кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізуден шеттетілген адам аталған қамтамасыз ету шарасын қолдану мәселесі бойынша өзінің түсініктемелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада беруге құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. ӘҚБтК-нің 797-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті лауазымды адамдар көлiк құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемдi кемелердi арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізу арқылы оларды ұстауға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.

      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе көлікті бақылаудың тұрақты бекетінің жанындағы алаңдарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.

      Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы акт жасалады, ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi және аталған қамтамасыз ету шаралары өзіне қатысты қолданылған адамға арызы бойынша тапсырылады.

      Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау және (немесе) олардың пайдаланылуына тыйым салу түріндегі шаралар ұстаудың және (немесе) тыйым салудың себептері жойылғанға дейін күшінде болады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      11. Егер жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю фактісін анықтаудың істі дұрыс шешу үшін мәні болса ғана, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы түрінде жеке адамның сондай күйін медициналық куәландыру қолданылады.

      12. Заңды тұлғаға қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары ӘҚБтК-нің 785-бабының екінші бөлігімен белгіленген. Осындай шараларды қолдану тәртібі ӘҚБтК-нің 798, 799, 800 және 801-баптарындаанықталған.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      13. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      16. Уәкілетті лауазымды адам іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету мақсатында және көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ғана өзінің өкілеттігінің шегінде жүргізуші куәлігін алуға құқылы.

      17. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      21. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б. Бекназаров

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Д. Нұралин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады