Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына

      БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

       Қаулы "Халықтын көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру мақсатында әзірленді. Қаулы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және таратып бөлу тәртібін, сондай-ақ Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

       Бұл нормативтік құқықтық акті жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға және ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған.

       Рұқсат беру қағидасында елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібін жеңілдетуге бағытталған тәсілдер орын алды.

       Атап айтқанда Қағидада шетелдік жұмыскерлердің жекелеген санаттарын тарту кезінде рұқсаттарды жеңілдетілген тәртіппен алу көзделген.

       Барлық жұмыс берушілерге рұқсат алу үшін өтініш бергенде республикалық және жергiлiктi мерзiмдiк басылымдарда бос жұмыс орындары туралы жарияланған хабарландырудың түпнұсқасын ұсыну туралы талаптарды алып тастау арқылы ішкі еңбек нарығында лайықты кандидатураны іздеу рәсімі айтарлықтай оңайлатылған.

       Қағидада тек бос жұмыс орындары туралы (бос лауазымдар) мәліметті шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметi жүзеге асырылатын жерi бойынша жұмыспен қамту жөнінде уәкiлеттi органға жіберу қарастырылған.

       Одан басқа, Қағидада мыналар рұқсат беру құжаттарын алудан босатылады:

       - бизнес-көшіп келушілер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келушілер);

       - "Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы" келісім шеңберінде келген шетелдік қызметкерлер (РФ және Беларусь Республикасының азаматтары);

       - шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер.

       Сонымен бірге, шетелдік қызметкерлердің корпоративтік ауысуы реттелген (бұрын қолданыстағы заңнамада корпоративтік ауысу көзделмеген).

       Осы қаулымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінің күші жойылды.

       Қазақстан Республикасының

       Еңбек және халықты әлеуметтік

       қорғау министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз