"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 85 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:
      мыналар:

Сарыбеков             - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы   ғылым вице-министрі,

Танысбай              - Қазақстан Республикасының Байланыс
Ләззат Мұратқызы        және ақпарат вице-министрі,

Әбілқасымова          - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы       даму және сауда вице-министрі,

Қанағатов             - Қазақстан Республикасының Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы    спорт вице-министрі,

Жақсығалиев           - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қаныбек Сисенғалиұлы    министрлігі Әкімшілік полициясы
                        комитетінің профилактикалық қызмет
                        басқармасының бастығы,

Мырзахметов          - "Атамекен Одағы" Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы        экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                        бірлестігінің басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша) енгізілсін;

      мына:

"Сыдықов             - "Қазақстан жастар конгресі" заңды
Нұрлан Ерболатұлы       тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                        директоры (келісім бойынша)",

"Соловьева           - Қазақстан Республикасы Парламенті
Айгүл Сағадибекқызы    Мәжілісінің депутаты, Қазақстан
                       Азаматтық альянсінің президенті (келісім
                       бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Сыдықов             - "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық
Нұрлан Ерболатұлы       партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар
                       қанаты" республикалық қоғамдық
                        бірлестігінің атқарушы хатшылығының
                        басшысы (келісім бойынша)",

"Соловьева           - "Қазақстан Азаматтық альянсі"
Айгүл Сағадибекқызы    заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
                       (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Азат Тұрлыбекұлы Перуашев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады