"Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 қаулысына баспасөз-релизі

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 қаулысы (Санитариялық қағидалар) қабылданды.
      Осы Санитариялық қағидалар тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілерінің қызметіне, объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға беруге; объектілерді сумен жабдықтауға, суды бұруға, жарықтандыруға және желдетуге, сауда және басқа үй-жайлардың ауасына, микроклиматына; объектілерді, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға; тамақ өнімдерін тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу жағдайларына; объектілердің аумағын күтіп-ұстауға, тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға және тасымалдауға; тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, персоналды медициналық тексеріп-қарау және гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
      Қаулыны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды болдырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз