Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 19 қаңтардағы 
№ 109 қаулысымен     
бекітілген        

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және адамдарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына қабылдау тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. ЖОО магистранттарының, докторанттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының азаматтары әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекет оларға мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде осы деңгейдегі білімді тегін алу құқығын береді.
      Егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғалар әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді бірінші рет алатын болса, олар осы деңгейдегі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
      Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2-1. Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау басталатын күнге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО (бұдан әрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.
      7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 – 30 шілде аралығында жүргізіледі.
      Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Магистратураға және резидентураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      9-1. Шетелдік білім беру ұйымдарында білім туралы құжаттарды алған адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының магистратурасына, резидентурасына және докторантурасына түсу үшін алған білім деңгейлеріне және даярлау бейініне сәйкес білімдері туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтулері қажет.
      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес танылады.
      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО мен ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) ұйым басшысының атына өтініш;
      2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
      3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
      4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
      5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
      6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
      7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      8) жеке куәлігінің көшірмесі;
      9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
      Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) ұйым басшысының атына өтініш;
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) жеке куәлігінің көшірмесі;
      4) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
      5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
      6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
      7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
      8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін).
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      13. Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адамдар түсу емтихандарын:
      1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
      2) мамандық бойынша тапсырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Мынадай емтихандар бойынша:
      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінен қалыптастырылады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы керек.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      17. Мамандық бойынша емтихан өткізу кезеңде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
      18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
      19. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
      Араб тілі емтиханды ауызша немесе жазбаша нысандарда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 701; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 701 қаулысымен.
      21. Шет тілі бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Түсу емтихандарын тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.
      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
      24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
      Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
      Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
      Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

3. Магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған адамдар қабылданады:
      1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, докторантураға – кемінде 150 балл;
      2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.
      Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
      Бұл ретте, ең алдымен тиісті мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған мамандық бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу мамандықтар тобының ішінде жүзеге асырылады. Уәкілетті органның бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 109 қаулысымен бекітілген  
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына 
қосымша             

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанғысыз (2)*

0-29

*бейінді магистратурада және резидентурада «қанағаттанғысыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады