"Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 200 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 200 қаулысы (Санитариялық қағидалар) қабылданды.
      Осы Санитариялық қағидалар құрылыс үшін жер учаскесін таңдау, жобалау, салу, қайта жаңарту, тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, сақтау, тасымалдау, байыту; өндірістік бақылауды ұйымдастыру; тұрмыстық қызмет көрсету кезінде тамақ өнімдерін өндіретін объектілерге, сондай-ақ персоналды медициналық тексеріп-қарауға және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.
      Қаулыны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларды болдырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз