Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту және "Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысы

«Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту және «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының 48-тармағына сәйкес экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын мұнайдың төгiлуiне жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін құру мақсатында теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар әзірленді.
      Ұлттық жоспардың негізгі міндеті уақтылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын, тәуекелдерді бағалау және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау негізінде қоршаған ортаға зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған, мұнайдың авариялық төгілуіне ден қою даярлығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Қабылдау әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз