Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 426 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 № 541 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 151-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 426 қаулысымен  
бекітілген     

Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 151-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағидалар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін (бұдан әрі - кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар) айқындайды.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі - ББӘ) - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
      2) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды - инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы;
      3) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде дайындалған, бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы;
      4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы
арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптама қорытындылары негізінде әзірленген, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы;
      5) кейінге қалдыру шарты - аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі — РБК) оң ұсыныстары бар бюджеттік ннвестицияларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің РБК-ның оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде жетіспейтін құжаттаманы ұсыну шартымен республикалық бюджет жобасына енгізу.
      4. Бюджет кодексінің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ РБК-ның оң ұсынысы бар бюджеттік инвестициялар кейінге қалдыру шартымен республикалық бюджет жобасына енгізілуі мүмкін.

Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, РБК-ның оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібі

      5. Кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар:
      1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - БИЖ) іске асыру;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы;
      3) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге
асырылады.
      6. Бюджеттік инвестицияларды аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін ретінде анықтау үшін инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар жеке және заңды тұлғалардың қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігіне қатер төндіретін жағдайды болдырмауға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайды болдырмауға, елдің озық/жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуы тиіс және Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына, бағдарламалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардан алған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша бюджеттік инвестициялардың басым бағыттары және орта мерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштері негізінде кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды іріктеуді жүргізеді.
      Кейінге қалдыру шартымен іріктелген бюджеттік инвестициялар үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына енгізіледі және РБК-ның қарауына енгізіледі.
      РБК-ның қарау қорытындысы бойынша РБК-ның оң қорытындысы бар, кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар үш жылдық мерзімге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізіледі және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті жылдың 15 тамызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар РБК-ның
қарауына:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті және/немесе Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі тапсырмаларының көшірмелері;
      2) жылдарға бөлінген жоба құнының негіздемесі бойынша есептемелері;
      3) ББӘ-нің жобаны іске асырудың орындылығына қорытындысы;
      4) қажет болған жағдайда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрататын басқа да құжаттары болған жағдайда енгізіледі.
      Егер кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар бойынша жоба алды және/немесе жобалық құжаттама болған жағдайда, құжаттаманы да РБК-ның қарауына енгізгенге дейін ұсыну қажет.
      9. Кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестициялар аса маңызды
және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Бюджет кодексінің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ РБК-ның оң ұсыныстары бар объектілер бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) енгізіледі.
      10. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы шеңберінде бекітіледі.
      11. Кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды әзірлеу және қарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға  мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады