"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 сәуірдегі № 462 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2012 жылғы «  »        
№   Жарлығына     
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2007 жылғы 13 сәуiрдегi
№ 314 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН     

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi – Мемлекеттiк комиссия) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Мемлекеттiк комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
      3. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, оның орынбасары мен комиссия мүшелерiнен тұрады.
      4. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi жөніндегі шешiмдердi әзірлеу мен қабылдау Мемлекеттiк комиссияның мiндеттерi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк комиссия осы мiндеттердi орындау үшiн:
      1) Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысына берілетін материалдарды, анықтамалар мен өзге де құжаттарды қарайды;
      2) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шаралардың тиімділігі бойынша ұсынымдық шешім шығарады;
      3) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.

3. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      7. Мемлекеттiк комиссияның қызметiне басшылық жасауды және оның отырыстарына төрағалық етудi Мемлекеттiк комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
      8. Төраға болмағанда оның мiндеттерiн оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары атқарады.
      9. Мемлекеттік комиссия өз қызметін Мемлекеттiк комиссияның төрағасы бекітетін, мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша жұмыс органы жасақтайтын тоқсан сайынғы жоспарлар негізінде жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады, оның функциялары:
      1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына дайындықты қамтамасыз ету;
      2) алдағы кезеңге арналған тоқсан сайынғы жоспар жобасын қалыптастыру және алдағы тоқсандағы айдың 1-күніне дейін 15 күннен кешіктірмей Мемлекеттiк комиссияның төрағасына бекітуге енгізу;
      3) тоқсан сайынғы жоспардың көшірмесін Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға оны алған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу;
      4) тоқсан сайынғы жоспарда көзделген отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешімдердің жобалары, сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімдері) жинау және Мемлекеттік комиссияның отырыстарын өткізу мерзімдерінің жоспарына сәйкес белгіленген отырыс өткізілгенге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның төрағасына ұсыну;
      5) Мемлекеттік комиссияның отырысы хаттамасының жобасын Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне келісуге және бұрыштама қоюға жіберу болып табылады.
      11. Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсыныстары бойынша жоспардан тыс мәселелерді қарау енгізілетін кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін.
      Кезектен тыс отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсыну және Мемлекеттік комиссия мүшелерінің өз қатысуын растау мерзімін, Мемлекеттік комиссия төрағасының кезектен тыс отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады.
      12. Мемлекеттік комиссияның тоқсан сайынғы жоспарына алдағы тоқсанға арналған мәселелерді енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар жұмыс органына өз ұсыныстарын (тиісті материалдарды) айдың 1 күніне дейін береді.
      13. Мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекеттік комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған кезде оларға тоқсан сайынғы жоспарда жүктелген іс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, тұсаукесерлері, хаттамалық шешімнің жобасы, сөйлеушілер мен қатысушылар тізімі) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес айқындалған отырыс өткізілгенге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
      14. Мемлекеттік комиссияның отырысы Мемлекеттік комиссия төрағасының бастамасымен жоспарланған отырысқа дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей шақырылады.
      15. Отырыс басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік комиссияның мүшелері отырысқа өзінің қатысатынын растайды.
      16. Мемлекеттiк комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      17. Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi оның отырысына қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және жүргізілген стенограмманың негізінде хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған кезде төрағалық етушi берген дауыс шешушi болып табылады.
      18. Мемлекеттік комиссияның мүшелері хаттаманың жобасын, оны алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімінде келіседі және бұрыштама қояды.
      19. Мемлекеттiк комиссияның алдына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында оның шешiмдерiмен Мемлекеттiк комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, оның құрамы мен міндеттері Мемлекеттік комиссияның хаттамасымен белгіленеді.
      20. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына оның мүшелерi болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
      21. Мемлекеттiк комиссияның жұмыс нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Президентiне жылына кемінде екi рет баяндап тұрады.
      22. Мемлекеттiк комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті шешімінің негізінде тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады