Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 482 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13, 120-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласының жерінен қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      2. Астана қаласының әкімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 482 қаулысына  
қосымша      

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақмола аудандық
пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Астана қаласының
жерінен қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с № Объектілердің атауы Жалпы алаңы, гектар Жер учаскесінің мақсатты арналуы Жер учаскесінің орналасқан жері

1

Астана қаласында Ұлттық қорғаныс университетін салу

20,0

Қорғаныс мұқтажы үшін, объектіні салу және пайдалану

Астана қаласы, Тұран даңғылы (әуежайға жол таралымы ауданы)

2

Астана қаласында «Астана» әуеайлағының әскери секторының объектілерін салу

79,0

Қорғаныс мұқтажы үшін, объектіні салу және пайдалану

Астана қаласы, Алматы ауданы, (әуежай ауданында)



99,0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады