Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 512 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін  әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімінің 2.1.33- тармағына сәйкес әзірленді.
      Осы қаулысының мақсаты Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын, әуесқойлық балық аулаумен дәстүрлі айналысатын жергілікті халықтың  мұқтажын қанағаттандыру мақсатында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібін белгілеу болып табылады.
      Қаулыны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарларға душар етпейді.
      Қаулыны іске асыру бойынша қаржылық шығындар қажет емес.

      Әзірлеуші: ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз