"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 631 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 193 қаулысымке

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.04.2018 № 193 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      "Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және межелі нәтижелер" деген 3-бөлімде:

      "Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаты, қызметтің түйінді көрсеткіштері" деген 3.1-кіші бөлімде:

      "Байқоңыр" кешенін және ғарыш аппараттары өндірісінің құралдарын дамыту" деген 2-кіші бөлімде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ғарыш аппараттарын жасау және шығару құралдарын дамыту.

      Қазақстан Республикасының "Днепр" зымыран тасығышын (ЗТ) коммерциялық пайдалануға қатысуының экономикалық орындылығы туралы мәселе пысықталғаннан кейін Компанияның "Днепр" ЗТ ұшыруларын басқарушы оператор компаниялары акционерлерінің қатарына кіруі туралы мәселе қаралатын болады. Бұл "Байқоңыр" ғарыш айлағын бақылауда және коммерциялық пайдалануда өз позициямызды күшейтуге және "Байқоңыр" ғарыш айлағының Қазақстанға өтуі үшін нақты жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, "Байқоңыр" ғарыш айлағын дамыту үшін ғарыш аппараттарын дайындау және "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Днепр", "Бәйтерек" ЗТ ғарыш кеңістігіне тікелей ұшыру алдында оларды әртүрлі мақсаттағы зымыран тасығыштардың ғарыштық бас бөлшектерімен (бұдан әрі – ЗТ ҒББ ТК) ықпалдастыру үшін техникалық кешен құру туралы мәселе пысықталуда.

      "Днепр" ЗТ коммерциялық ұшыруларына қатысу кезінде кластерлік ұшыру, негізгі зымыранды ұшыруға дайындау кезеңінде резервтік зымыран тасығышты ұсыну мүмкіндігі, сондай-ақ осы ЗТ ұшыруларының алдыңғы статистикасымен расталған ұшырудың жоғары сенімділігі көзделген.";

      "Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген 3.2-кіші бөлімде:

      "Байқоңыр" кешенін және ғарыш аппараттары өндірісінің құралдарын дамыту" деген 2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Днепр" ЗТ коммерциялық ұшыруларына қатысудан табыс алынады.";

      "Компанияның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен көрсеткіштері" деген 2-қосымшада:

      "Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын құру және оларды қолдану" деген 1-стратегиялық бағытта:

      ""Қазақстан Республикасының аумағында ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелердің ақпаратын тұтынушыларға сапалы координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерін кепілді алу шарттарын қалыптастыру" деген 1.1-мақсатта:

      "түйінді көрсеткіш" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Жоғары дәлдікті спутниктік навигациялық қызметтерді ұсынуда елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан Республикасының аумағын қамту %)



11,5

11,5

70

70

80

90


      ";

      "Дифференциалды түзету және мониторинг орталығын құру" деген 1.1.2-міндетте:

      "2011" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "2013" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;

      "Дифференциалды станциялар желісін, дифференциалды түзету және мониторинг орталығын құру" деген 1.1.3-міндетте:

      "2011" деген бағанда "40" деген сандар алынып тасталсын;

      "2012" деген бағанда "10" деген сандар алынып тасталсын;

      "2013" деген баған "50" деген сандармен толықтырылсын;

      "Спутниктік навигация аппаратурасының сәйкестігін бағалау жөніндегі зертхана құру (бұрын – сертификаттау ғылыми-техникалық зертханасы)" деген 1.1.4-міндетте:

      "2011" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "2013" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;

      "Теңіз жергілікті дифференциалдық станциясын құру" деген 1.1.5-міндетте:

      "2011" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "2013" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;

      "Навигациялық жабдықтың тәжірибелі өндірісін құру" деген 1.1.6-міндетте:

      "2012" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "2013" деген баған "1" деген санмен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы дифференциалдық станцияларды интеграциялау" деген 1.1.7-міндетте:

      "2011" деген бағанда "20" деген сандар алынып тасталсын;

      "2014" деген баған "20" деген сандармен толықтырылсын;

      "Дифференциалдық станциялар желісін кеңейту" деген 1.1.8-міндетте:

      "2015" деген бағанда "10" деген сандар алынып тасталсын;

      "Тұтынушыларға сапалы координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерді ұсыну (ККМ, ТЖМ, Қоршағанортамині, Қорғанысмині, коммерциялық ұйымдар)" деген 1.1.9-міндетте:

      "2013" деген бағанда "50" деген сандар алынып тасталсын;

      "2014" деген бағанда "100" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Байқоңыр" кешенін және ғарыш аппараттары өндірісінің құралдарын дамыту" деген 2-стратегиялық бағытында:

      "Түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын (ҒА) жобалау және өндіру жөніндегі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорын" деген 2.1-мақсатта мына:

      "

ҒА құрастыру-сынау кешенін салу және жабдықтау

ҒА ҚұСК ғимаратын салу және жабдықтау (орындау %)

65

100









ҒТ АКТБ жобалау-зертханалық кешенін салу және жабдықтау (орындау %)

65

100










      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ҒА құрастыру-сынау кешенін пайдалануға беру

ҒА ҚұСК жұмыс орындарының саны (адам)



130









      ";

      "ҒА жобалау және өндіру жөніндегі қызметтерді көрсету (ҒА саны)" деген түйінді көрсеткіште:

      "2013" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "Түрлі мақсаттағы ҒА жобалау және өндіру" деген міндетте:

      "2013" деген бағанда "1" деген сан алынып тасталсын;

      "Қазақстан кәсіпорындарының "Днепр" ЗТ және "Зенит" ЗТ ҒЗК коммерциялық пайдалануға қатысуы арқылы "Байқоңыр" ғарыш айлағына Қазақстан Республикасының біртіндеп кіру үшін нақты жағдайлар жасау" деген 2.2-мақсатта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2-мақсат. Қазақстан кәсіпорындарының "Днепр" ЗТ ҒЗК-ны коммерциялық пайдалануға қатысуы арқылы "Байқоңыр" ғарыш айлағына Қазақстан Республикасының біртіндеп кіруі үшін нақты жағдай жасау";

      "Қызметінің түйінді көрсеткіші" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру қызметтерін ұсынуға қатысу (ЗТ ұшу саны)

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2

2

2

2

3

2





      ";

      ""ҚҒС" ҰК" АҚ "Космотрас" ХҒК ЖАҚ қатысушылар құрамына кіруі" деген міндетте:

      "2011" деген бағанда "33" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      "2012" деген баған "10" деген сандармен толықтырылсын;

      "2013" деген баған "33 (республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігін қарау)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Мақсаттар мен міндеттер бойынша негізгі көрсеткіштер есептеулерінің негіздемесі" деген 3-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының аумағында ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелердің ақпаратын тұтынушыларға сапалы координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерін кепілді алу шарттарын қалыптастыру" мақсаты бойынша негізгі көрсеткіштердің есебі" деген 1-бөлімде:

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2011 жылы 10 дифференциалдық станция орнату жоспарлануда, бұл 2012 жылы "метрлік" дәлдік деңгейінің ақпаратын түзететін жабу алаңының пайызын шамамен 11 % қамтамасыз етеді, бұл 314 000 км2 құрайды.

      2013 жылы 50 дифференциалдық станция орнатылады, 2011 жылы орнатылған 10 станцияны есепке ала отырып, олар республика аумағының шамамен 70 % қамтуға мүмкіндік береді.";

      сегізінші және тоғызыншы бөліктер алынып тасталсын;

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2016 жылдан бастап 2020 жыл аралығында жыл сайын 10 дифференциялдық станцияда желіні кеңейту жоспарланып отыр.";

      1-кестеде:

      "Қызметтер/сервис түрі (2013 ж., ҚР ЖСНЖ ЖИ қызметтерінің жалпы санының 50 % құрайды)" деген бағанда "2013" деген сандар "2014" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қызметтер/сервис түрі (2014 ж., ҚР ЖСНЖ ЖИ қызметтерінің жалпы санының 100 % құрайды)" деген бағанда "2014" деген сандар "2015" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын (ҒА) жобалау және шығару жөніндегі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорын" мақсаты бойынша түйінді көрсеткіштің есебі" деген 3-бөлімде:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҒА жобалау және шығару жөніндегі қызметтердің кестесі Қазғарыштың стратегиялық жоспарына және ЖҚЗ ҒЖ, KazSat және ғылыми-технологиялық мақсаттағы ҒА (бұдан әрі - ҒМҒА) ғарыш сегментін толтыру қажеттігіне сәйкес келтірілген (3-кесте). Бұл ретте, ЖҚЗ ҒА белсенді қызмет атқару мерзімі - 7 жыл, ҒМҒА - 5 жыл, KazSat - 4-15 жыл ескерілді.";

      3-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ҒА атауы

Өлшем бірлігі

Жұмыстың орындалу мерзімі (жылдар)

1

2

3

4

1

ҒМҒА-1

1 дана

2012-2015

2

KazSar-1 (ЖҚЗ радиолокациялық ҒА)

1 дана

2013-2016

3

KazSat-4

1 дана

2014-2017

4

ЖҚЗ ҒА-3

1 дана

2016-2019

5

ҒМҒА-2

1 дана

2017-2020

6

ЖҚЗ ҒА-4

1 дана

2018-2021

7

KazSar-2 (ЖҚЗ радиолокациялық ҒА)

1 дана

2020-2023


      ";

      3-бөлім мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Міндеттер бойынша көрсеткiштердiң есебі

      Пайдалануға берілгеннен кейін ҒА ҚұСК-дағы жұмыс орындарының саны бойынша көрсеткіш жобаның қаржы-экономикалық негіздемесіне сәйкес 130 адамға дейінгі біліктілігі жоғары мамандар үшін тұрақты жұмыс орындарының ұлғаюы туралы болжамға сәйкес келеді. ҒА ҚұСК-ны пайдалануды қамтамасыз ететін бірлескен кәсіпорынның (бұдан әрі - БК) жұмысына өндірістік персоналдың 108 адамы және қызмет көрсететін қызметтердің 22 адамы тартылады. БК-ның штаттық кестесі және ұйымдық құрылымы жыл сайын қаралады және БК – "Ғалам" ЖШС Қадағалаушы кеңесі мақұлдайды.";

      4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Қазақстан кәсіпорындарының "Днепр" ЗТ ҒЗК-ны коммерциялық
пайдалануға қатысуы арқылы "Байқоңыр" ғарыш айлағына Қазақстан
Республикасының біртіндеп кіруі үшін нақты жағдай жасау"
мақсаты бойынша түйінді көрсеткіштің есебі

      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ЗТ ұшыру саны бойынша түйінді көрсеткіштің есебі 4-кестеде берілген.

      4-кесте

      2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Космотрас" ХҒК" ЖАҚ акционерлік капиталының құнын талдауға сәйкес "Делойт и Туш СНГ" ЖАҚ компаниясы дайындаған 2012-2017 жылдарға арналған кезеңге "Днепр" ұшыру бағдарламасының болжамды кестесі

Жыл

"Днепр" ЗТ ұшыру саны

2012 жыл

2

2013 жыл

2

2014 жыл

2

2015 жыл

2

2016 жыл

3

2017 жыл

2

Жиыны:

13


      Міндеттер бойынша көрсеткiштердiң есебі

      Республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігімен "Днепр" ЗТ ұшыруларын басқарушы оператор компанияның жарғылық капиталындағы үлесін елдердің (Қазақстан - Ресей - Украина) үлестік қатысуына тең 33,3 %-ға дейін жеткізу мәселесін қарау.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады