Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 657 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес республикалық мүлік «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 657 қаулысына 
қосымша       

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Орналасқан жері

1

2

3

1

Макинск техникалық ғимараты

Ақмола облысы,
Макинск қаласы

2

«Макинск» діңгегі

3

Жалпы алаңы 217,6 шаршы метр техникалық ғимарат

Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы,
Бестөбе кенті

4

Биіктігі 89 метр,
алаңы 2,44 метр х 2,44 метр антенна-діңгектік құрылыс

5

Жалпы алаңы 136,9 шаршы метр монтер үйі

6

Техникалық ғимарат

Ақмола облысы,
Заозерный кенті

7

Биіктігі 56 метр мұнара

8

Отын қоймасы

9

Суға арналған резервуар

10

Жалпы алаңы 217,6 шаршы метр техникалық ғимарат

Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы,
Сілеті кенті

11

Биіктігі 105 метр,
алаңы 2,5 метр х 2,5 метр антенна-діңгектік құрылыс

12

Жалпы алаңы 121 шаршы метр монтер үйі

13

Жалпы алаңы 26 659 шаршы метр жер учаскесі

14

Алаңы 0,57 гектар жер учаскесі

Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Тасашы кентінің
батысына қарай 3 километр

15

«Шоладыр» радиорелелік станциясы

Алматы облысы,
Шоладыр кенті

16

«Толқын» радиорелелік станциясы

Алматы облысы, Толқын кенті

17

Биіктігі 73,72 метр діңгек

Алматы облысы, Сопақ кенті

18

Жер учаскелері

19

«Успеновка» радиорелелік станциясы

Жамбыл облысы,
Успеновка кенті (Бетқайнар)

20

Алаңы 0,7091 гектар жер учаскесі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы

21

Жалпы алаңы 120 шаршы метр техникалық ғимарат

Қостанай облысы,
Арқалық кенті

22

Биіктігі 43 метр діңгек

Қостанай облысы,
Силантьевка кенті

23

Биіктігі 191,8 метр діңгек

Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Октябрь ауылы

24

«Қазығұрт» радиорелелік станциясы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт кенті (Шарбұлақ ауылы)

25

Биіктігі 50 метр мұнара

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы,
Китаевка кенті

26

Биіктігі 64 метр діңгек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын ата (Комсомол) РРС-сы

27

Техникалық ғимарат

28

Монтер үйі

29

Биіктігі 43 метр діңгек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян кенті

30

Биіктігі 44 метр діңгек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Аққұм кенті

31

Биіктігі 27 метр діңгек

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты кенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады