Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 Қаулысы

      «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып белгіленсін.
      2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негiзiнде теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желiсiн пайдалануға тең құқық беру;
      2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желiсiнiң бiртұтас мүлiктiк кешенiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желiсiн күтiп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асыру;
      4) қазіргі заманғы озық технологиялар негiзiнде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желiсiн дамытуды және жаңғыртуды жүзеге асыру;
      5) цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейiн өз қаражаты есебiнен телерадио хабарларын тарату желілерін одан әрi дамытуды жүзеге асыру;
      6) мiндеттi теле-, радиоарналарды және еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асыру;
      7) теле-, радиоарналарды тарату жөнiндегi қызметтерге тарифтердi интернет-русурста жариялау.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады