2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 818 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 19 мамырда Минск қаласында жасалған 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 818 қаулысымен  
бекітілген      

2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті үйлестіруді жақсарту мақсатында, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы келісімнің 6-бабы мынадай редакцияда жазылып, оған өзгерістер енгізілсін:
      «Осы Келісімді іске асыруды өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында белгіленген құзырет шегінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті ұлттық органдары жүзеге асырады.
      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен қызметті үйлестіру мақсатында Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнінде консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрады.
      Кеңестің мәртебесі және оның міндеттері осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ережеде белгіленеді (қоса беріледі).
      Кеңес осы Келісімді іске асыру үдерісінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасасады.
      Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері өздерінің жарғыларына және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыруға қатыса алады».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшiне енедi. Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кеш орындаған Тараптар үшiн осы Хаттама депозитарий тиiстi хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      2011 жылғы 19 мамырда Минск қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

      Әзiрбайжан Республикасының            Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн

      Армения Республикасының              Тәжiкстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн

      Беларусь Республикасының                  Түрiкменстан
      Үкiметi үшiн                              Үкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының           Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                        Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының             Украина Үкiметi үшiн
      Үкiметi үшiн

      Молдова Республикасының
      Үкiметi үшiн

2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына   
қатысушы мемлекеттердiң     
тұтынушылар құқықтарын қорғау 
саласындағы ынтымақтастығының 
негiзгi бағыттары туралы келiсiмге
қосымша            

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнiндегi консультативтiк кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнiндегi консультативтiк кеңес (бұдан әрi - Кеңес) 2000 жылғы 25 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығының негiзгi бағыттары туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк басқару органдарының өзара iс-қимыл жасасуын үйлестiру үшiн құрылған ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады.
      1.2. Кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Жарғысын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде қабылданған шарттар мен шешiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Кеңестiң мiндеттерi мен қызметiнiң негiзгi бағыттары

      2.1. Кеңестiң мiндеттерi:
      ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласындағы тиiмдi саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң азаматтары үшiн тең жағдайларды қалыптастыруға, олардың тұтынушылық құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн транспаренттi жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер заңнамасының тауарлар мен көрсететiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгi бойынша талаптарын бұзатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жосықсыз қызметiнiң алдын алу мақсатында тұтынушылар нарығында бақылаудың тиiмдi жүйесiн құруға жәрдемдесу;
      ТМД шеңберiнде көрсетiлген бағыттағы бiрлескен жұмыс тетiктерiн одан әрi дамыту үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
      2.2. Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының келiсiлген саясатын жүргiзу қағидаттары мен қағидаларын әзiрлеу, оны тәжiрибеде iске асыруға жәрдемдесу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары мен қоғамдық ұйымдары арасында, оның iшiнде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының тиiстi құқықтарын қамтамасыз етудiң ұлттық тәжiрибесi туралы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi әлемдiк тәжiрибе туралы ақпарат алмасудың тиiмдi жүйесiн құру;
      қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша бiрлескен жобалар мен шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң заңнамаларын үйлестiруге және құқық қолдану практикасы жөнiнде тәжiрибе алмасуға жәрдемдесу болып табылады.

3. Кеңестiң функциялары мен құқықтары

      3.1. Кеңестiң негiзгi функциялары:
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң өзара iс-қимыл жасасуының басым бағыттарын айқындау;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тұтынушыларының құқықтарын қорғау туралы заңнаманы және оны қолдану практикасын, экономиканың барлық салаларында туындайтын тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеу проблемаларын талдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара iс-қимыл жасасудың басым мiндеттерi мен перспективалық нысандарын iске асыру жөнiнде практикалық шаралар әзiрлеу;
      жүргiзiлген талдау негiзiнде Кеңестiң мiндеттерiн шешу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      ұлттық, әрi мемлекетаралық деңгейде «өндiрушi-тұтынушы» қатынастарын ұйымдастыруға және қалыптастыруға жалпы ұстанымдарды айқындау;
      тұтынушылардың құқықтарын қозғайтын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен халықаралық шарттардың жобаларын талдау;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң халықаралық шарттарының жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң үйлестiрiлген тұтынушылар саясатын жүргiзуi жөнiнде ұсынымдар дайындау және енгiзу;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi iстiң жай-күйiн талдау.
      3.2. Кеңес өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк билiк органдарынан, қоғамдық бiрлестiктерiнен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты ақпарат сұратуға;
      өз құзыретi шегiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуiнiң жалпы ұстанымдарын қалыптастыру мәселелерi жөнiнде шешiмдер мен ұсынымдар қабылдауға;
      Кеңестiң құзыретiне жатқызылған қызмет бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен ТМД Үкiмет басшылары кеңесiнiң қарауына енгiзуге;
      өз функцияларын орындау үшiн Кеңестiң тұрақты және уақытша жұмыс топтарын құруға, олардың басшыларын тағайындауға және олардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
      өз жұмысының Регламентiн әзiрлеуге және бекiтуге;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау проблемалары жөнiнде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға және өткiзуге;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бiлiктi кадрлар даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесуге;
      ТМД-ның салалық ынтымақтастығының басқа органдарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң заңнамалық және өзге де органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасасуға құқылы.

4. Кеңестiң құрамы және құрылымы

      4.1. Кеңес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiгiнiң осы қызмет бағытына жауапты тиiстi органдарының басшыларынан құрылады. Бұл ретте әр мемлекет бiр дауысқа ие болады.
      Кеңестiң отырыстарына Кеңес мүшелерiн алмастыратын адамдарды жiберген кезде олардың өкiлеттiлiктерiн жiберушi тарап растауы тиiс.
      4.2. Кеңес құрамына кеңесшi дауыс құқығымен тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк билiгiнiң тиiстi органдарының ұсынуы бойынша) және ТМД-ның Атқарушы комитетiнiң өкiлi кiруi мүмкiн.

5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      5.1. Кеңеске төрағалық етудi ТМД-ға қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әлiпбиi тәртiбiмен өз өкiлiнiң тұлғасында Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекет кезекпен, егер Кеңестiң шешiмiмен өзгеше белгiленбесе, бiр жылдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырады.
      Кеңес төрағасы:
      Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады;
      Кеңес отырысын жүргiзедi және Кеңес қабылдаған құжаттарға қол қояды;
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi мемлекеттiк билiк органдарымен, ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарымен өзара қатынастарда Кеңестi бiлдiредi.
      Кеңестiң алдыңғы және келесi төрағалары оның тең төрағалары болып табылады. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның мiндеттерi тең төрағалардың бiрiне жүктеледi.
      5.2. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi Кеңес хатшылығы жүргiзедi.
      Кеңес хатшылығының функцияларын басшысы Кеңеске төрағалық ететiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттiң мемлекеттiк билiк органы орындайды.
      Кеңеске төрағалық етушi мемлекеттiң мемлекеттiк билiк органының өкiлi Кеңес хатшылығының басшысы, ал ТМД-ның Атқарушы комитетiнiң өкiлi хатшылық басшысының орынбасары болып табылады.
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Кеңестiң және Кеңес хатшылығының функцияларын орындауда оларға қажеттi жәрдем көрсетедi.
      5.3. Кеңес жұмысының Регламентi Кеңестiң отырысында бекiтiледi.
      5.4. Кеңестiң отырыстары қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      5.5. Кеңестiң кезектен тыс отырысы Кеңеске қатысушы бiр немесе бiрнеше мемлекет өкiлдерiнiң бастамасымен Кеңес мүшелерiнiң кем дегенде үштен бiрiнiң келiсiмiмен шақырылуы мүмкiн.
      5.6. Егер мүшелерiнiң жартысынан астамы отырысқа қатысқан болса, Кеңестiң отырысы заңды болып табылады.
      5.7. Кеңестiң отырыстарына ТМД-ның мүдделi салалық ынтымақтастық органдарының, мемлекеттiк билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi бақылаушылар және сарапшылар ретiнде шақырылуы мүмкiн.
      5.8. Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу уақыты, орны және күн тәртiбi оның алдыңғы өткен отырысында анықталады.
      Кеңестiң кезектi отырысының күн тәртiбi Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары ескерiле отырып, аталған отырысты дайындау кезiнде нақтылануы мүмкiн.
      Кеңестiң кезектен тыс отырысының өткiзiлетiн күнi мен күн тәртiбiн мұндай отырысты өткiзуге бастамашы болған Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарына сәйкес Кеңес төрағасы айқындайды.
      5.9. Кеңес отырысының күн тәртiбi отырысқа қатысушыларға отырыс басталғанға дейiн кемiнде 30 күн бұрын жiберiледi.
      5.10. Кеңес ұсынымдық сипаты бар шешiмдер қабылдайды.
      5.11. Кеңес әзiрлеген құжаттардың жобалары мен рәсiмдiк мәселелер бойынша шешiмдер дауыстардың қарапайым көпшiлiгiмен қабылданады.
      Кеңестiң кез келген мүшесi қаралатын мәселеде өз мемлекетiнiң қызығушылық танытпайтынын мәлiмдеуге құқылы, бұл мұндай мәселе бойынша шешiм
қабылдау үшiн кедергi болып табылмайды.
      5.12. Кеңес отырысының қорытындылары Кеңестiң төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
      5.13. Кеңес отырыстары хаттамаларының және басқа да құжаттардың түпнұсқалары ТМД-ның Атқарушы комитетiнде сақталады.
      5.14. Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетiне өзiнiң қызметi және кезектi жылға межеленген iс-шаралар туралы ақпарат бередi.

6. Қорытынды ережелер

      6.1. Кеңес отырыстарын өткiзудi қаржыландыруға байланысты шығыстар ТМД-ға қатысушы қабылдайтын мемлекеттiң тиiстi мемлекеттiк билiк органдарының есебiнен жүзеге асырылады.
      6.2. Кеңес мүшелерiн, уәкiлеттi өкiлдердi, сондай-ақ отырысқа қатысушыларды iссапарға жiберуге арналған шығыстарды ТМД-ға қатысушы жiберушi мемлекеттердiң мемлекеттiк билiк органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.
      6.3. Кеңестiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады