"Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 910 Қаулысы

«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімінің 2.1.31-тармағына сәйкес әзірленді.
      Осы қаулысының мақсаты туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру тәртібін белгілеу болып табылады.
      Қаулыны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарларға душар етпейді.
      Қаулыны іске асыру бойынша қаржылық шығындар қажет емес.

      Әзірлеуші: ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз