2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 1238 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1238 қаулысымен 
мақұлданған    

Жоба

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесінде СЭҚ ТН коды бар жолдар:

«

1501 00 - ден

Сүйек майы немесе қалдықтардан алынған тоң майлар

0203, 0206 немесе 0207, немесе 0506 позициялар материалдарын қоспағанда, кез келген позицияларының материалдарынан дайындау; шошқа етінен және 02039 немесе 1206 тауар позицияларының қосымша өнімдерінен немесе еттен не 0207 позициясының құс еті қосымша өнімдерінен дайындау

1502 00 - нен

Сүйек тоң майы немесе қалдықтардан алынған тоң май

0201, 0202, 0204 немесе 0206 немесе 0506 позицияларының материалдарын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

2403 10

Құрамында кез келген үлесте темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ шегуге арналған темекі

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2403 позицияның пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

2932 99 700

Басқа оттегін құрайтын функционалдық топты қамтитын немесе қамтымайтын өзге де циклдік ацеталилер және ішкі гемиацеталилер дайындау және олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген және нитрозирленген туындылары

Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 2932 позицияның басқа да материалдарынан дайындау

2932 99 850-тен

Қарапайым ішкі эфирлер

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2909 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

3920 10 270-нен

Қалыңдығы 0,125 мм-ден аспайтын полиэтиленнен жасалған үлес салмағы кем дегенде 0,94, орамдарда салынған суреті және жазылған мәтіні бар пленка және белдіктер немесе ленталар

Кез келген позициядағы материалдардан дайындалған. Бірақ қолданылатын материалдардың бағасы дайын өнімдікіндей позицияда түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

4017 00

Барлық нысандардағы қатты резеңке (мысалы, эбонит), қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда; қатты резеңкеден жасалған бұйымдар

Қатты резеңкеден дайындау

6803 00 -ден

Өңделген сланец пен сланецтен немесе агломериялацияланған сланецтен жасалған бұйымдар

Өнделген сланецтен дайындау

8608 00 -нен

Темір жол және трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электромеханикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдықтары, темір жолдарда, трамвай жолдарда, автомобиль жолдарында, ішкі су жолдарында, көлік тұрақтарында, кемежайларда немесе әуеайлақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; аталған құрылғылардың және жабдықтардың бөліктері

Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасынан 50 %-нан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген өнім сияқты позицияда жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 5%-ы шегіндегі сомаға дейін пайдаланылуы мүмкін

                                                                   »

      мынадай редакцияда жазылсын:

«

1501- нен

Сүйек майы немесе қалдықтардан алынған тоң майлар

0203, 0206 немесе 0207, немесе 0506 позициялар материалдарын қоспағанда, кез келген позицияларының материалдарынан дайындау; шошқа етінен және 02039 немесе 1206 тауар позицияларының қосымша өнімдерінен немесе еттен не 0207 позициясының құс еті қосымша өнімдерінен дайындау

1502-нен

Сүйек тоң майы немесе қалдықтардан алынған тоң май

0201, 0202, 0204 немесе 0206 немесе 0506 позицияларының материалдарын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

2403 11 000, 2403 19

Құрамында кез келген үлесте темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ шегуге арналған темекі

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2403 позицияның пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

2932 99 000

Басқа оттегін құрайтын функционалдық топты қамтитын немесе қамтымайтын өзге де циклдік ацеталилер және ішкі гемиацеталилер дайындау және олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген және нитрозирленген туындылары

Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 2932 позицияның басқа да материалдарынан дайындау

2932 99 000-тен

Қарапайым ішкі эфирлер

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2909 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

3920 10 250-нен

Қалыңдығы 0,125 мм-ден аспайтын полиэтиленнен жасалған үлес салмағы кем дегенде 0,94, орамдарда салынған суреті және жазылған мәтіні бар пленка және белдіктер немесе ленталар

Кез келген позициядағы материалдардан дайындалған. Бірақ қолданылатын материалдардың бағасы дайын өнімдікіндей позицияда түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

4017 00 000

Барлық нысандардағы қатты резеңке (мысалы, эбонит), қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда; қатты резеңкеден жасалған бұйымдар

Қатты резеңкеден дайындау

6803 00 000-ден

Өңделген сланец пен сланецтен немесе агломериялацияланған сланецтен жасалған бұйымдар

Өнделген сланецтен дайындау

8608 00 000-нен

Темір жол және трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электромеханикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдықтары, темір жолдарда, трамвай жолдарда, автомобиль жолдарында, ішкі су жолдарында, көлік тұрақтарында, кемежайларда немесе әуеайлақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; аталған құрылғылардың және жабдықтардың бөліктері

Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасынан 50 %-нан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген өнім сияқты позицияда жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 5%-ы шегіндегі сомаға дейін пайдаланылуы мүмкін

                                                                 ».

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік ресімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      __________ жылы __________ қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетінде сақталады.

          Армения             Қазақстан              Қырғыз
      Республикасының     Республикасының        Республикасының
          Үкіметі             Үкіметі                Үкіметі
           үшін                үшін                   үшін

          Түркіменстан        Өзбекстан               Украина
      Республикасының     Республикасының           Үкіметі
          Үкіметі             Үкіметі                  үшін
           үшін                Үшін

         Молдова             Ресей                  Беларусь
      Республикасының      Федерациясының       Республикасының
        Үкіметі              Үкіметі                Үкіметі
         үшін                үшін                    үшін

         Әзірбайжан          Тәжікстан
      Республикасының     Республикасының
          Үкіметі             Үкіметі
           үшін               үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады