"Казахстанская правда" республикалық газеті" және "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1310 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабына сәйкес, сондай-ақ «Казахстанская правда» республикалық газеті» және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамдарын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 58 А мекенжайындағы ғимараттың 5 қабатында орналасқан ауданы 486,2 шаршы метр үй-жай «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге, ауданы 416,5 шаршы метр үй-жай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады