Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1365 Қаулысы

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес, сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ірі қара малдың аналық басын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2012 – 2013 жылдардың қыстау (2012 жылғы қазан – 2013 жылғы сәуір) кезеңіне ауыл шаруашылығы құралымдарында (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары) аналық мал басын (сиырларды) ұстауға жұмсалатын шығындарды ішінара (40%-ға дейін) өтеу үшін Ақмола (Атбасар, Егіндікөл, Есіл, Жақсы және Жарқайын аудандары), Ақтөбе (Алға, Әйтекеби, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз аудандары және Ақтөбе қаласы), Батыс Қазақстан (Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандары) және Қостанай (Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангельдин, Жітіқара, Қамысты, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл аудандары және Арқалық қаласы) облыстарының әкімдіктеріне аудару үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 1520400000 (бір миллиард бес жүз жиырма миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы қаражат, оның ішінде:
      Ақмола облысы бойынша – 96842000 (тоқсан алты миллион сегіз жүз қырық екі мың) теңге;
      Ақтөбе облысы бойынша – 361907000 (үш жүз алпыс бір миллион тоғыз жүз жеті мың) теңге;
      Батыс Қазақстан облысы бойынша – 599082000 (бес жүз тоқсан тоғыз миллион сексен екі мың) теңге;
      Қостанай облысы бойынша – 462569000 (төрт жүз алпыс екі миллион бес жүз алпыс тоғыз мың) теңге бөлінсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаражатты төлеу:
      1) «Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген малдың бір басын ұстауға арналған шығындар нормативтері негізінде облыстар әкімдерінің шешімдерімен бекітілетін қыстау кезеңінде бір бас малды (сиырды) ұстауға арналған шығындар нормативтеріне сәйкес;
      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер облыстардың әкімдіктеріне ұсынатын және облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылатын ведомствоаралық комиссиялар растайтын 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қыстауға кіретін мал басының нақты саны туралы құжаттардың (заңды тұлға нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 24-а/ш статистикалық есептілік нысанынан үзінді көшірме, жеке тұлға нысанындағылар үшін – шаруашылық кітабынан үзінді көшірме) негізінде жүзеге асырылсын.
      3. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдері:
      1) 2012 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде аналық мал басын (сиырларды) ұстауға арналған шығындарды ішінара өтеу туралы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер беретін материалдарды қарау жөнінде ведомствоаралық комиссия құрсын және қыстау кезеңіне аналық малдың (сиырлардың) бір басын ұстауға арналған шығындардың нормативтерін бекітсін;
      2) 2012 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін;
      3) мал қыстауын ойдағыдай өткізу және ірі қара малдың аналық басын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады