"Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қарашадағы № 1477 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзудi байқаудан өткiзушiлер тұқым өндiрушiлердiң облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына берген өтiнiмдерi бойынша жүргiзедi.»;
      10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бiрiншi және кейiнгi көбейтiлген тұқым шаруашылығы егiстерiн - тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен байқаудан өткiзушiлер жүргiзедi.»;
      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік тұқым инспекторы тұқым иесi өкiлiнің және сатып алушының қатысуымен жүргiзедi. Даулы жағдайларда бақылау сынамаларын іріктеуді сатып алушысыз жүргiзуге жол берiледi.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Тұқымдық бақылау кезiнде, оның ішінде даулы жағдайларда тұқым сапасын сараптау қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргiзiледi.»;
      23-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Аттестатталған тұқым сапасына сараптау жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және тұқымдық сапасына сараптама жүргiзуiн және олардың нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауын бақылауды мемлекеттік тұқым инспекторлары жүзеге асырады.»;
      төртінші бөлік алынып тасталсын;
      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Басқа анықтамалар:_____________________________________

Қорытынды мен ұсыныстар:
____________________________________________________________________
Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде:
________________________________________________________________

Тұқымдар мынадай көрсеткiштер бойынша сапасыз

Талдау кезiнде анықталды

Стандартпен белгiленгенi

      Тұқымдар ________________ және қайтадан толық талдауға жатады
                (өңдеу түрi)
      Толық емес талдау жүргiзген кезде:
      Тұқымдар __________________________________________________
                  (талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы)
      бойынша ұлттық стандарттың талаптарына сай келеді.
      Зертхана меңгерушiсi ______________________________________
                         (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөрi)
      20__ жылғы ________________»;
                   (күнi, айы)

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген зертханалық сорттық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидаларында:
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктелген тұқым сынамаларын жібереді.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
      3-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұқым егістері сапасының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егiстердi байқап көру актiсiмен расталады.
      Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым сарапшылары тұқым өндiрушiлердiң өтiнiмдерi бойынша және (немесе) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк егiс сапасы толық талдауға тексерiлген және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетiн тұқым партияларына беріледі. Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
      Талдауын егiске дейiн күнтізбелік он бес және одан аз күн бұрын (сатуға арналған тұқымнан басқа) ылғалдылығы мен зиянкестермен жайлануын айқындамастан жүргiзетiн тұқымның өнгiштiгi орнына өмiрге бейiмдiлiк нормасын ескере отырып, жиналатын жылы себуге пайдаланылатын күздiк дақылдардың тұқымына кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiледi.
      6. Салмағы бақылау бiрлiгiнiң салмағынан артық тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктi әр бақылау бiрлiгiнен iрiктеп алынған орташа сынамаларды талдау нәтижелерi негiзiнде партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi бойынша мынадай жағдайларда бередi:
      1) партиядан iрiктеп алынған барлық сынамалардың талдау нәтижелерi барлық көрсеткiштері бойынша тұқымның егiс қасиеттерiнiң тиiстi ұлттық стандартының нормаларына сай келеді;
      2) тұқым партиясы сапасының орташа арифметикалық көрсеткiштерi ұлттық стандарт нормаларына сай келеді, ал бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгiнiң тұқымдары сапасыз, бiрақ олардың сапа көрсеткiштерi орташа арифметикалық белгiленген рұқсат етілген алшақтықтардан аспайтын шамаға ауытқиды.
      Сынамалардың бiр бөлiгiнде қаракүйелiк құрылымдардың, қастауыш пен басқа да саңырауқұлақтың қарамықтарының маңызы ұлттық стандарттарда белгiленген нормалардан екi еседен артық асқан жағдайда, тұқым партиясына тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк беруге жол берiлмейдi.»;
      89 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер тұқымның кондициялылығы туралы куәлiктің қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін қайтадан талдау кезiнде өнгiштiк көрсеткiшi бұрын белгіленген сыныпқа сай келсе, ал кене жайлаған тұқымдар үшiн жайлану көрсеткiшi ұлттық стандарт белгiлеген нормаға сай келсе, оның қолданылу мерзiмi ұзартылады. Бұл жағдайда бұрын берiлген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкке қосымша ретiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесi берiледi.
      9. Егiс сапасына тиiстi ұлттық стандарттың талаптарына жауап бермейтiн тұқымдардың партияларына (оларды толық талдау кезiнде), сондай-ақ көрсеткiштердiң барлығы тексерiлмеген тұқымдарға (толық емес талдау) тұқымдарды талдау нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
      10. Салмағы бақылау бiрлiгiнiң салмағынан артық тұқым партиясына осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұқымдарды талдау нәтижесiн бередi.
      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды талдау нәтижесi партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi бойынша мынадай:
      1) сынамалар толық емес талдауға тексерiлген және алынған нәтижелер ұлттық стандарт нормаларына сай келген;
      2) барлық сынамаларды талдау нәтижелерi стандарттың белгiленген ұлттық нормаларына сай келмеген;
      3) сынамалардың бiр бөлiгiн талдау нәтижелерi және партияның орташа арифметикалық көрсеткiштерi ұлттық стандарттың нормаларына сай келмеген жағдайларда беріледi.
      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдау нәтижесi мынадай жағдайларда бөлуге жататын әр бақылау бiрлiгiн талдау нәтижесiн көрсете отырып берiледi:
      1) тұқым партиялары қаптарда сақталады, бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгiн талдау нәтижелерi және партия бойынша орташа арифметикалық көрсеткiштер ұлттық стандарттың белгiленген нормаларына сай келмейді, ал бақылау бірліктерінің бiр бөлiгi нормаларға сай келеді;
      2) тұқым партиялары бойынша орташа арифметикалық көрсеткiштер тұқымдардың егiс қасиеттеріне ұлттық стандарттың нормаларына сай келеді, ал бақылау бiрлiктерiнiң бiр бөлiгi кондициялылығы және олардың сапа көрсеткiштерi орташа арифметикалық ұлттық стандарт жол беретiннен артық шамаға ауытқиды;
      3) кейбiр бақылау бiрлiктерiнде карантиндiк арамшөптер және аурулар немесе тiрi зиянкестер (оның iшiнде маңызы нормаланатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарында 1 кг-ға 20 данадан астам кене) табылған.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2012 жылғы 22 қарашадағы
№ 1477 қаулысына   
қосымша      

Сорттық және тұқымдық бақылауды,
жерге егіп бағалауды     
жүзеге асыру қағидаларына  
6-қосымша         

Аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi
зертхананы тексеру актісi

___________________________________________________________ негiзiнде
      (өтініштің, тексеруді тағайындау туралы актінің)
____________________________________________________________________
(аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың атауы)
____________________________________________________________________

      тұқымның сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөнiндегi орындалатын жұмыстар бойынша және оның тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен ұлттық стандарттарды сақтауына тексеру жүргізілді.
Тексеру жүргiзiлген күн: 20__ жылғы «__» ____ бастап «__» _____ дейін

Тексеру нәтижелерi

Меншік құқығында не өзге де заттай құқықта ғимараттың (үй-жайдың) бар болуы*
_____________________________________________________________________
Зертханалық жабдықтардың және өлшеу құралдарының бар болуы*
_____________________________________________________________________
Химиялық реактивтердің, материалдар мен мүкәммалдың бар болуы*
_____________________________________________________________________
Тұқымдардың сынамаларын сақтауға арналған сөрелердің бар болуы*
_____________________________________________________________________
Мамандардың бар болуы, олардың бiлiктiлiгi* _________________________
_____________________________________________________________________
Өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың бар болуы*
_____________________________________________________________________
Тұқымдарды егу сапасын анықтау әдістемесін сақтау ___________________
_____________________________________________________________________
Анықталған бұзушылықтар _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аттестатталған тұқым
сапасына сараптама жасау
жөнiндегi зертхананың өкiлi
___________________ ____________ _______________________________
    (лауазымы)        (қолы)      (тегi, аты, әкесiнiң аты, мөр)

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің
Агроөнеркәсiптiк кешендегi
мемлекеттiк инспекция
комитетi аумақтық
инспекциясының тұқым
шаруашылығы жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторы _____________ ___________________________
                          (қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Ескертпе: «*» белгісі бар – Аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың қағидаларына сәйкес тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2011 года № 1279 "Об утверждении Правил осуществления сортового и семенного контроля, грунтовой оценки, лабораторных сортовых испытаний, экспертизы качества семян"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 ноября 2012 года № 1477. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2011 года № 1279 «Об утверждении Правил осуществления сортового и семенного контроля, грунтовой оценки, лабораторных сортовых испытаний, экспертизы качества семян» (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 1, ст. 4) следующие изменения:
      1) в Правилах осуществления сортового и семенного контроля, грунтовой оценки, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Апробация сортовых посевов сельскохозяйственных растений проводится апробаторами по заявкам производителей семян, поданным в местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы).»;
      абзац четвертый пункта 10 изложить в следующей редакции:
      «семеноводческих посевов первой и последующих репродукций - апробаторы в присутствии представителя производителя семян.»;
      часть первую пункта 20 изложить в следующей редакции:
      «Отбор контрольных проб при семенном контроле, в том числе в спорных случаях, производится госсеминспектором в соответствии с национальными стандартами в присутствии представителя владельца и покупателя семян. Допускается в спорных случаях производить отбор контрольных проб в отсутствие покупателя.»;
      пункт 22 изложить в следующей редакции:
      «22. Экспертиза качества семян при семенном контроле, а также в спорных случаях проводится в соответствии с действующими национальными стандартами.»;
      в пункте 23:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «23. Контроль за проведением экспертизы сортовых и посевных качеств семян аттестованными лабораториями по экспертизе качества семян и соблюдением ими нормативных правовых актов и национальных стандартов осуществляют госсеминспекторы.»;
      часть четвертую исключить;
      в приложении 4 к указанным Правилам:
      пункт 19 изложить в следующей редакции:
      «19. Другие определения:_______________________________________

                        Заключение и предложения:
     ________________________________________________________________
               При проведении полного или неполного анализа:

Семена некондиционных
по следующим
показателям

Установлено при
анализе

Установлено
стандартом

Семена подлежат ________________________ и повторному полному анализу
                    (вид подработки)
При проведении неполного анализа:
Семена по ___________________________________________________________
            (наименование показателей, по которым проведен анализ)
соответствуют требованиям национального стандарта.
Заведующий лабораторией _____________________________________________
                          (фамилия, имя, отчество, подпись, печать)
      _______________ 20__ г.»;
      (число, месяц)
      приложение 6 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;
      2) в Правилах осуществления лабораторных сортовых испытаний, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 4) пункта 5 изложить в следующей редакции:
      «4) пробы семян, отобранные в соответствии с национальными стандартами.»;
      3) в Правилах осуществления экспертизы качества семян, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Экспертиза качества семян сельскохозяйственных растений проводится в соответствии с действующими национальными стандартами по всем показателям, установленным национальными стандартами (полный анализ), или не по всем нормируемым показателям (неполный анализ).»;
      части первую и вторую пункта 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Установление соответствия посевных качеств семян требованиям национальных стандартов проводится аттестованными лабораториями по экспертизе качества семян на основании исследования средней пробы, отобранной от партии семян в соответствии с национальными стандартами. Сортовые качества семян подтверждаются актом апробации сортовых посевов.
      Отбор проб от партий семян, предназначенных только для посева, производится семенными экспертами по заявке производителей семян и (или) производителями семян (их представителями), прошедшими соответствующую подготовку в аттестованных лабораториях по экспертизе качества семян и имеющими соответствующее заключение.»;
      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:
      «5. Удостоверение о кондиционности семян выдается на партии семян, посевные качества которых проверены на полный анализ и соответствуют требованиям национальных стандартов. Удостоверение о кондиционности семян выдается по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      Допускается выдача удостоверения о кондиционности на семена озимых культур, используемые для посева в год их уборки, с учетом нормы жизнеспособности семян вместо всхожести, на семена, анализ которых проводят за пятнадцать и менее календарных дней до посева (кроме семян, предназначенных для продажи) без определения влажности и заселенности вредителями.
      6. На партию семян, масса которой превышает массу контрольной единицы, удостоверение о кондиционности семян выдают на основании результатов анализа средних проб, отобранных от каждой контрольной единицы, по средним арифметическим показателям партии в следующих случаях:
      1) результаты анализа всех проб, отобранных от партии, соответствуют по всем показателям нормам соответствующего национального стандарта на посевные качества семян;
      2) средние арифметические показатели качества партии семян соответствуют нормам национальных стандартов, а семена части контрольных единиц являются некондиционными, но показатели их качества отклоняются от средних арифметических на величину, не превышающую установленные допускаемые расхождения.
      Не допускается выдача удостоверения о кондиционности семян на партию семян в случае, когда в части проб содержание головневых образований, склероциев спорыньи и других грибов более чем вдвое превышает норму, установленную национальными стандартами.»;
      пункты 89 и 10 изложить в следующей редакции:
      «8. Срок действия удостоверения о кондиционности семян продлевается, если по истечении его срока действия при повторном анализе, показатель всхожести соответствует ранее установленному классу, а для семян, заселенных клещом, показатель заселенности соответствует норме, установленной национальным стандартом. В этом случае в дополнение к ранее выданному удостоверению о кондиционности семян выдают результат анализа семян по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      9. На партии семян, не отвечающих требованиям соответствующего национального стандарта на посевные качества (при их полном анализе), а также на семена, проверенные не по всем показателям (неполный анализ), выдается результат анализа семян по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.
      10. На партию семян, масса которой превышает массу контрольной единицы, выдают результат анализа семян по формам согласно приложениям 4 и 5 к настоящим Правилам.
      Результат анализа семян по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, выдают по средним арифметическим показателям партии в следующих случаях:
      1) пробы проверены на неполный анализ, и полученные результаты соответствуют нормам национального стандарта;
      2) результаты анализа всех проб не соответствуют установленным нормам национального стандарта;
      3) результаты анализа части проб и средние арифметические показатели партии не соответствуют нормам национального стандарта.
      Результат анализа по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам, выдают с указанием результата анализа каждой контрольной единицы, подлежащей выделению в следующих случаях:
      1) партия семян хранится в мешках, результаты анализа части контрольных единиц и средние арифметические показатели по партии не соответствуют установленным нормам национального стандарта, а часть контрольных единиц соответствует нормам;
      2) средние арифметические показатели по партии семян отвечают нормам национального стандарта на посевные качества семян, а часть контрольных единиц является некондиционной, и показатели их качества отклоняются от средних арифметических на величины, более допускаемые национальным стандартом;
      3) в некоторых контрольных единицах обнаружены карантинные сорняки и болезни или живые вредители (в том числе клеща более 20 штук на 1 кг в семенах тех сельскохозяйственных растений, где их содержание нормируется).».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 22 ноября 2012 года № 1477

Приложение 6            
к Правилам осуществления сортового 
и семенного контроля, грунтовой оценки

Акт
проверки аттестованной лаборатории
по экспертизе качества семян

На основании __________________________________________ произведена
         (на основании заявления, акта о назначении проверки)
проверка ____________________________________________________________
   (наименование аттестованной лаборатории по экспертизе качества
                        семян)
по выполняемым работам по экспертизе сортовых и посевных качеств
семян и соблюдения нормативных правовых актов и национальных стандартов в области семеноводства.
Дата проведения проверки c «__» по «__» _____________ 20__ года

                        Результаты проверки

Наличие на праве собственности либо ином вещном праве здания
(помещения)*_________________________________________________________
Наличие лабораторного оборудования и средств измерений*______________
_____________________________________________________________________
Наличие химических реактивов, материалов и инвентарей*_______________
_____________________________________________________________________
Наличие стеллажей для хранения проб семян* __________________________
_____________________________________________________________________
Наличие специалистов, их квалификация* ______________________________
_____________________________________________________________________
Наличие актуализированных нормативно-технических документов* ________
_____________________________________________________________________
Соблюдение методики определения посевных качеств семян_______________
_____________________________________________________________________
Выявленные нарушения
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заключение
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Представитель
аттестованной лаборатории
по экспертизе качества семян
   ______________ __________ ___________________________________
    (должность)   (подпись)   (фамилия, имя, отчество, печать)

Государственный инспектор
по семеноводству территориальной инспекции
Комитета государственной
инспекции в агропромышленном комплексе
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан ____________ _______________________________
                      (подпись)     (фамилия, имя, отчество)

Примечание: со знаком «*» - требования, предъявляемые к лабораториям по экспертизе качества семян, согласно Правилам аттестации лабораторий по экспертизе качества семян.