Байланыс формасы

"Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2021 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 612 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 612 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 20-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 576-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесі бекітілсін.»;
      1-1-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1665 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
1999 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2021 қаулысымен  
бекітілген       

Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесі

      Ауысымның, станцияның, тораптың, учаскенің, бөлімшенің, экспедицияның бастығы
      Мұрағат, кітапхана, бюро (анықтама, көшіру-көбейту, машинкамен басу, ақпараттық), топ, кабинет, зертхана, шеберхана, қабылдау бөлмесі, пункт, қойма, шаруашылық, мұражай, касса, өндіріс меңгерушісі
      Мұрағатшы
      Кітапханашы
      Диспетчер
      Инспектор (іс жүргізу жөніндегі, рұқсат беру бюросы, кіру режимі, касса жұмысы жөніндегі)
      Нұсқаушы
      Кодтаушы
      Кодификатор
      Комендант
      Зертханашы
      Әдіскер
      Машинистка (шетел мәтіндерімен жұмыс істейтін диктофондық топтың, редакцияның, бюроның, стенографистка)
      Механик (дыбыстық жабдықтарға, тарату техникаларына, телевизия жабдықтарына, дизельдік үй-жайға қызмет көрсету жөніндегі)
      Оператор (бейне жазудың, дыбыс жазудың, көшіру–көбейту машиналарының, телетайптың, телефакстың, телекстің, радионың, электрондық-есептегіш машиналардың, компьютерлік техниканың (бағдарламалардың), компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің)
      Тіркеуші
      Редактор
      Хатшы (-машинистка, -стенографистка, соттың, басшының)
      Статистик
      Стенографист
      Техник
      Фотосуретші
      Экспедитор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады