Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 қаулысымен

«Жер койнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына баспасөз-хабарлама

      «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін кызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысы (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер койнауы және жер койнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасынын 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді.
      Осы қағидалар қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қағидалар колданыска енгізілгеніне байланысты келесі нормативтік-құқықтық актілер күші жойылды деп табылады:
      1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысы:
      2) «Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылгы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 267 қаулысы.
      Жалпы Қағидалар отандық өндірушілерді қолдау үшін бағыталған, олар өз кезегінде отандық өндірушілеріге ендірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дүниежүзілік экономикаға алдағы интеграциялық үдерістерге дайындалу мүмкіндігін ұсынады.
      Қағидаларды қабылдау республикалық бюджеттен қаржылық шығынын қажет етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз