Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 205 қаулысы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарын өткеру үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда әскери міндеттілер заңнамада белгіленген тәртіппен шақырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 4 наурыздағы
№ 205 қаулысына   
қосымша       

2013 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылатын әскери
міндеттілердің саны

Р/с

Атауы

Әскери міндеттілердің саны

Өткізу кезеңі

1

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

8000

наурыз – желтоқсан

2

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

15

қыркүйек

Жиыны:

8015

наурыз – желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады