Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 38-2) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-VЗаңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы ресми жариялануға тиіс және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 1520232425-тармақтарын26-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын, 272829 және 30-тармақтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қағида Қазақстан Республикасының электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз