"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 328 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 362-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
      567 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы айқындалады.
      6. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі – анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.
      7. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
      8. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.
      Егер академиялық айырмашылық пәндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Білім алушының жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.»;
      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.»;
      262830 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі.»;
      «28. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін және қол жеткізген ауысу балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.»;
      «30. Белгіленген ауысу балына қол жеткізген және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.»;
      «32. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады.
      Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.
      Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.
      Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтаманы, транскриптті), балы белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады.
      Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент ауысу туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады.»;
      34-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттың (магистратура және докторантура үшін), білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
      3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттар ауысқан жағдайда, осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін ЖОО басшысы бұйрық шығарады.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Ақылы негізде оқитын білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру кезінде онымен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасалады.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директорының) өкімімен ағымдағы оқу жылына ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.»;
      45-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған анықтаманың негізінде оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылықтарды айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады