Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 сәуірдегі № 346 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2013 жылғы 13 сәуірдегі
№ 346 қаулысымен  
мақұлданған     

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының
Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы
КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
      қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастар мен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
      1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына өтеусіз әскери-техникалық көмек береді.

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
      Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3-бап

      Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

4-бап

      Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Тәжікстан Республикасының аумағына (Душанбе қаласы) дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе кемесімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдауды және беруді жүргізеді.
      Бұл ретте Душанбе қаласына дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.
      Тәжікстан тарапы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу үшін шығыстарды өзі көтереді және жауапты болады.
      Тараптардың уәкілетті органдарының өзара уағдаласуы бойынша Тәжікстан тарапы да осы мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан дербес әкетуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Тәжікстан тарапы осы Келісімге қосымшада көрсетілген, Қазақстан тарапынан алынған мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

6-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілетін болады.

7-бап

      Осы Келісім Қазақстан тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын Тәжікстан тарапының дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімнің 5-бабын қоспағанда, осы Келісім Тәжікстан тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, оны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.

      2013 жылғы «___» __________ _________________________ қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының             Тәжікстан Республикасының
            Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Тәжікстан Республикасының Үкіметі 
арасындағы өтеусіз әскери-техникалық
көмек көрсету туралы келісімге   
қосымша              

Берілетін әскери мүліктің тізбесі

Р/с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

5,45 ПС кәдімгі оғы бар 5,45 мм патрон

дана

43 200

2.

1943 жылғы үлгідегі 7,62 ПС болат өзекті оғы бар 7,62 мм патрон

дана

21 120

3.

7,62 мм ЛПС патроны

дана

14 080

4.

Ф-1 қол гранатасы

дана

240

5.

РГД-5 қол гранатасы

дана

160

6.

Қару майы

тонна

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады