"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 358 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құл-Мұхаммед            - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы           ақпарат министрі

Зейнуллин               - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Әбдікәрім Әбжәлелұлы      холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы (келісім бойынша)

Батырбеков              - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Ерлан Ғадлетұлы           технологиялар министрлігінің «Қазақстан
                          Республикасы Ұлттық ядролық орталығы»
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас
                          директоры

Жолдасбеков             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Скандербек Өмірбекұлы     министрлігінің «Академик Ө.А. Жолдасбеков
                          атындағы Механика және машинатану
                          институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
                          республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
                          директоры;

      мына:

«Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы      және сауда министрі

Могильный              - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Сергей Валерьевич        президенті (келісім бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы      бюджеттік жоспарлау министрі

Могильный              - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Сергей Валерьевич        басқарма төрағасы (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов, Қайрат Қамалұлы Қадыржанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады