Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 435 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 435 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 4-тарауының негізінде көрсетіледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау не себебін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік қызмет алушының өтінішін және осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тіркеген күннен бастап:
      уәкілетті органда – жеті жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – жиырма екі жұмыс күнінен асырмай;
      орталықта – жеті жұмыс күні ішінде (құжатты (мемлекеттік қызметтің нәтижесін) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
      1. Уәкілетті органға немесе орталыққа:
      1) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
      сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
      2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді;
      3) мемлекеттік қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлік;
      4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған белгіленген үлгідегі отбасының құрамы туралы мәліметтер;
      5) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер;
      6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алуды растайтын құжат;
      8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.
      Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 6)7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.
      Түпнұсқада ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның маманы сканерлейді, содан кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады. Орталық маманы түпнұсқада ұсынылған құжаттарды сканерлейді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады.
      2. Кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш білдіру кезінде ұсынылатын құжаттар:
      1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
      3) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
      4) отбасының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      5) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      6) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
      8) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.
      Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығын растау үшін мемлекеттік қызмет алушы отбасы құрамы, отбасы мүшелерінің кірістері және жеке қосалқы шаруашылығынан түскен кірістері туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсына отырып, өтініш білдіреді.
      Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың тапсыруы жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсету кезінде құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.»;
      15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орталыққа жеке өзі өтініш білдірген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы күн сайын жүзеге асырылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Уәкілетті орган:
      1) егер әкесі немесе анасы (асырап алушылар) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса;
      2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып түскен жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздер мыналар болып табылады:
      1) баланың қайтыс болуы;
      2) баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруға белгілеу;
      3) мемлекеттік қызмет алушының жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтерді беруі;
      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету.
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген кезде уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және құжаттар пакетін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қайтарады және орталыққа жібереді.
      Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды жетіспейтін құжат туралы хабарламамен орталыққа қайтарады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынуы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздер көзделмеген.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 435 қаулысына   
1-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 435 қаулысына   
2-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 435 қаулысына   
3-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 435 қаулысына   
4-қосымша      

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады