"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 564 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен жерді гидромелиорациялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      мына:
      «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі».
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасының көрсетілген мемлекеттік органдарының штат санын және мүлкін қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады